Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мекеме қызметкерлерін марапаттау

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясында мерекелік жиында өз міндеттерін жоғары дәрежеде атқарған қызметкерлерге марапаттау рәсімі өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша “Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалімен тексеру комиссияның төрағасы Налибаев Нұржан Абдуллаұлы, комиссия мүшелері Балқыбеков Марат Талипұлы, Абдезов Нұрсұлтан Әлібекұлы,аппарат басшысы Сартаев Төлбасы Еркінұлы, бөлім басшылары Сартаева Нурида Маханқызы, Елшібаев Ғабиден Үсенұлы наградталды. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен Әбдезов Нұрсұлтан Әлібекұлы марапатталды. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен Балықбаев Айтуар Еркінбекұлы наградталды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының,Шымкент қаласы Мәслихатының Алғыс хаттарымен және Тексеру комиссиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.