Ұлы ғұлама Аристотель айтқандай: «Мемлекеттің мақсаты – жоғарғы сапалы өмірге бірлескен іс-қимыл жасау». Демек, мемлекеттің әл-ауқат деңгейі экономикалық механизмдердің айтарлықтай кемелдігіне, оның ішінде бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына байланысты. Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының, сонымен қатар аталған жүйеге кіретін Тексеру комиссияларының миссиясы — сәйкестендірілген аймақтардағы қаржы тәртібін нығайту және де экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тексеру комиссиялары — аймақтардағы мемлекеттік аудит жүйесінің ажырамас және негізгі буыны болып қалыптасқан. Ал Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына небәрі 2 жылдан астам уақыт өтті, өйткені бұл қажеттілік Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 19 маусымындағы Жарлығы негізінде Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгендіктен туындады. Өңірлердегі Тексеру комиссияларының қалыптастырылуы мен жетілдіруіндегі елеулі үлес — Есеп комитетіне тиесілі, өйткені біздің «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» негізгі заңының әзірлеушісі, сонымен қатар мемлекеттік аудит органдарының жалпы құқықтық базасын құру жөніндегі норма- шығармашылық жұмыстар, атап айтқанда сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына арналған әдістемелік құжаттарды әзірлеу солардың еншісінде. Сонымен қатар,Есеп комитеті тұрақты түрде тексеру комиссияларына ақпараттық, консультативтік және әдіснамалық қолдау көрсетеді, оның ішінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізуді, қызметкерлерді қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, тағлымдамадан өткізуді ұйымдастырады. Тексеру комиссияларына жүктелген функцияны неғұрлым сапалы іске асыру үшін, Есеп комитеті, тексеру комиссияларының қызметкерлерін тарта отырып ұйымдастырылған аудиторлық іс-шаралар мен бірлескен аудиторлық іс-шаралар жүргізуді қолданады, бұл біздің қызметкерлерімізге Есеп комитетінде әріптестерінен практикалық тәжірбие алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тексеру комиссияларының жұмысын үйлестіру мақсатында Есеп комитетіҮйлестіру кеңесін құрған, онда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тексеру комиссияларымен бірлесіп, белгілі бір кезеңге проблемалық мәселелер талқыланады және белгілі бір мерзімдер шеңберінде көрсете отырып, тиісті шешу жолдары шығарылады, бұл мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын неғұрлым көбірек біріктіреді. Бұл ретте, біздің мекемеміз құрылу мерзімі бойынша айтарлықтай жас болғанымен, мемлекеттік қаражаттардың қолдану тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіруде өзге өңірлердегі әріптестерімізден қалыс қалмау үшін еңбек етуде. Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біліктілікті арттыру курстарынан (13 қызметкер), Есеп комитетінде тағлымдамадан (5 қызметкер) өту процесінде шыңдалған қызметкерлердің кәсібилігі маңызды рөл атқарды. Бұдан басқа, 12 қызметкер «Академия бизнеса ЕҮ» халықаралық біліктілік бойынша оқу курстарын сәтті тәмамдап, барлық 12 мемлекеттік аудитор халықаралық аудитор сертификатына ие болды. Сонымен қатар, 2019 жылы Тексеру комиссиясының рөлін нығайтуға ықпал еткен жетістіктері үшін екі мемлекеттік аудитор Есеп комитеті төрағасының бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталды, 2020 жылы бір мемлекеттік аудитор «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Бұл өз кезегінде, аудиторлық іс-шаралардың сапалы жүргізілуіне және қалған қызметкерлердің ынталарындыруға өз септігін тигізгені анық. Қорытындылай келе, Шымкент қаласының тексеру комиссиясы ұжымының атынан Есеп комитетінің төрағасы Наталья Николаевна Годунова мен Есеп комитетінің ұжымын, Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуы айтулы күнімен шын жүректен құттықтаймын, қызмет бабында жоғары жетістіктерге жетіп, кәсіби биік шыңдарды бағындыруды тілеймін.
Июн 12 2021