Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына және оған бағынысты ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржылардың іске асырылуына жүргізілген тиімділік бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері. Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1-2 тоқсанында Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына және оған бағынысты ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржылардың іске асырылуына тиімділік жөнінде мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудиторлық іс-шарамен 3 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды, атап айтқанда: Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Аудиторлық іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасының Бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталмау салдарынан қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жүргізілген аудиттің нәтижелері көрсеткендей Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталмау және бюджет өзге де заңнама талаптарының қамтамасыз етілмеу салдарынан аталған іс-шара бойынша заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталып, рәсімдік орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы бірнеше бұзушылық фактілері орын алған. Аталған мекемелер бойынша негізгі орын алған кемшіліктерге талдау: Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына бюджеттен бөлінген қаржылардың іске асырылуына аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1379,0 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталып, аудиторлық іс-шара барысында 1226,0 мың теңге өндіріліп, өтелуге тиісті 153,0 мың теңге қалдық қалған. Аталған кезеңдерде қызметтік автокөлікке жанар-жағар май шығындары қаралмаған, тиісінше жол жүру парақтары да толтырылмағаны анықталған. Аталған негізсіз төленген қаржы бюджетке толық өтелді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V ҚРЗ Заңы 25-бабының 6-тармағы талабы сақталмағаны анықталған. Аудит барысында 803,7 мың теңге тиісті әлеуетті өнім берушілердің шоттарына қайтарылу қамтамасыз етіліп, қалған 307,4 мың теңгесі талап ету мерзімінің өтіп кетуі себебінен «тиісті құжаттамалық рәсімдер» арқылы жергілікті бюджет кірісіне аударылды. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Атымтаеваның 18.07.2019 жылғы №41 бұйрығымен 1 қызметкер«психолог» маманы қызметіне қабылданған. Алайда, қабылданған қызметкер М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дефектология» мамандығы бойынша бітіргені анықталған. Яғни, тиісті мамандықпен қабылданбау салдарынан Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптары сақталмау орын алған. Аудиторлық іс-щараның қорытындысы бойынша 4 464,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде өтелуге жататыны 4 312,9 мың теңге, ал қалпына келтірілуге жататыны 151,3 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 70,0 мың теңге бюджетке өндірілген. Ақпараттық-коммуникациялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттер дұрыс қолданбау салдарынан 7 маманға жалпы 132,9 мың теңге артық есептеліп, төленген. «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің» 97 бабы 6 тармағының талаптары сақталмай, 3-айға жасалған Келісім шарттан тыс көрсетілген алдындағы 5 айға (мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек) жалпы қаралған қаржыдан негізсіз төленген соманың айырмасы анықталған. Аталған бұзушылықтар бойынша процессуалдық шара қолдану үшін тиісті материалдар құқық қорғау органына жолданды. Аудит нәтижесімен жалпы 7 лауазымды тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материалдар жолданды.
Тексеру комиссиясының мүшесі А.Балықбаев