Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Shymkent» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынының атқарған қызметін бағалау және бюджеттен бөлінген қаражаттары мен активтерін пайдалануына тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс шарасы бойынша 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығына тиімділік, сәйкестік мемлекеттік аудит жүргізілді. Аталған аудиторлық іс-шарамен «Shymkent» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамда мемлекеттік аудит жүргізілді. Мемлекеттік аудит барысында аталған аудит объектісінде Қазақстан Республикасының Бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды. Аудитпен қамтылған қаржы көлемі 1 683 894,6 мың теңге, оның ішінде 2020 жылы 6 039,5 мың теңге, 2021 жылы 1 677 855,1 мың теңге. Оның 7 675,9 мың теңгесі 2020 жылдың 1 қаңтарына қалдық сомасы болып, ол айлық жалақы мен өзге де шығындарға жаратылса, қалған 770 587,5 мың теңге орындалған жұмыстардың (Ф-2) қабылдау алу актісі бойынша жұмыстар қабылданған, қалған 905 631,2 мың теңге қаржы-экономикалық негіздеме негізінде түзілген жобаларды қосымша келісім шарттармен қысқартқан кезде пайда болған қаржылар. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қоғамда Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 905631,2 мың теңге көлемінде тиімсіз жоспарлаған бюджет қаражаты мен 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес тиісті құжаттар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жолданды. Кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектісіне нұсқама мен ұсыным жолданды.
Апр 01 2022