Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес, «Шымкент қаласында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бюджеттен бөлінген қаржылардың жоспарлануы мен тиімді жұмсалуына сараптамалық-аналитикалық іс-шарасын және мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілген болатын. Осы аудиторлық іс-шарамен жалпы 2 260 537,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды (2019 жылы 300 000,0 мың теңге, 2020 жылы 1 960 537,0 мың теңге). Оның ішінде 2 260 537,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. Аудитпен барлығы 1 217 412,0 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2019 жылы – 1 007 052,0 мың теңгені, 2020 жылы – 210 360,0 мың теңгені құраған. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің тиімділік принціпін сақтамау салдарынан, 1 007 412,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты анықталды. Ал, 210 360,0 мың теңге қаржы тиімсіз пайдаланылған. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 23 бірлік (оның ішінде, 2019 жылы 2 бірлік, 2020 жылы 21 бірлік) бұзушылық фактілері орын алған. Анықталған кемшіліктерді болдырмау және алдын-алу мақсатында аудит объектісіне тексеру комиссиясының нұсқамасы және аудиторлық қорытындының үзіндісі жолданды.
Фев 25 2022