Аудиторлық іс-шарамен жалпы 24 мемлекеттік аудит объектісі, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 21 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және 1 акционерлік қоғам аудит объектілері қамтылды. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 127 660 509,4 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 116 174 636,2 мың теңге). Оның ішінде 2017 жылы 21 100 301,2 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 20 176 087,4 мың теңге), 2018 жылы 24 925 342,8 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 23 916 463,9 мың теңге), 2019 жылы 29 536 279,9 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 28 740 605,3 мың теңге), 2020 жылы 52 098 585,5 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 43 341 479,6 мың теңге). Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 10 751 808,4 мың теңге көлемінде бюджет және өзгеде заңнама талаптарының сақталмауына жол берілген. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 4 980 228,1 мың теңгені құрады, оның қалпына келтірілуге жататыны 4 968 163,9 мың теңге, өтелуге жататыны 12 064,2 мың теңге. Бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнама бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 12 064,2 мың теңгені құраса, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі анықталған бұзушылықтар сомасы 4 968 163,9 мың теңгені құрады. Мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 932 465,5 мың теңге және мемлекеттік аудит барысында өтелген қаржы көлемі 3 751,5 мың теңге. Жалпы қалпына келтірілетін қаржының қалдығы 1 035 698,4 мың теңгені құраса өтелуі тиіс соманың қалдығы 8 312,7 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 4 536 278,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғандығы (оның ішінде 2017 жылы 119 071,0 мың теңге, 2018 жылы 707 390,4 мың теңге, 2019 жылы 1 181 283,1 мың теңге және 2020 жылы 2 528 533,5 мың теңге) және 1 235 302,3 мың теңге (оның ішінде 2017 жылы 6 512,0 мың теңге, 2018 жылы 24 201,1 мың теңге, 2019 жылы 169 163,3 мың теңге және 2020 жылы 1 035 425,9 мың теңге) көлеміндегі бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылғандығы анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 440 бірлікті (оның ішінде 2017 жылы 70 бірлік, 2018 жылы 90 бірлік, 2019 жылы 107 бірлік және 2020 жылы 173 бірлік) құрады. Жалпы 12 064,2 мың өтелетуге жататын қаржының 3 751,5 мың теңгесі аудит барысында өтелген. Жалпы қалпына келтіруге жататын қаржының аудит барысында 4 968 163,9 теңгесі қалпына келтірілген, қорытындыны дайындау барысында 26 067,8 мың теңгесі қалпына келтірілген. Аудит барысында 16 жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған, қорытындыны дайындау барысында 5 жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған. Сонымен қатар, қағидаға сәйкес, екі аудит объектісі бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына жолданса, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдалануына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің, активтерін басқарудың, оның ішінде ақылы қызметінен түсетін қаржылардың пайдалануына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына, тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.
Фев 01 2022


