«Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамытуға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 3 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды:Шымкент қаласының білім басқармасының «Жол-көлік колледжі», «Саз колледжі»,«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 4 927 481,2 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2 321 767,2 мың теңге). Оның ішінде 2019 жылы 1 842 806,0 мың теңге, (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1 511 088,0 мың теңге 2020 жылы 3 084 675,2 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 810 679,2 мың теңге). Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 412 226,4 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 3 589,8мың теңгені құрады, оның қалпына келтірілуге жататыны 3 579,8 мың теңге, өтелуге жататыны 10,0 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 10,0 мың теңгесі өтелді. Бюджет қаржыларын тиімсіз жоспарлаған 19 663,0 мың теңгеге және тиімсіз пайдаланылған 388 973,6 мың теңге бюджет қаражаты анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 18 бірлік. Жүргізілген аудиттің нәтижесімен, мемлекеттік сатып алу процедураларын бұзу фактілері бойынша 1 іс материал және бухгалтерлік есеп жүргізудің ережесін бұзу фактілері бойынша 2 іс материалдары әкімшілік шара көру үшін Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне тексеру комиссиясының нұсқамалары және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.