«Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржының пайдалануына, республикалық маңызы бар қала бюджетінің 2020 жылы жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.

Жалпы аудитпен басқарма бойынша қамтылған сома 259 326,00 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шара қорытындысымен Шымкент қаласы бойынша жалпы 435 081,9 мың теңгенің тиімсіз жоспарланғаны анықталды. Сонымен қатар, Басқарма тарапынан бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында түпкі және тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмей, рәсімдік сипаттағы 1 бірлік бұзушылық орын алғандығы анықталды. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржының пайдалануына, республикалық маңызы бар қала бюджетінің 2020 жылы жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама жолданды.

Тексеру комиссиясының мүшесі М.Балқыбеков