«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдалануына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің, активтерін басқарудың тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс шара бойынша 14 ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен 1 бюджеттік бағдарлама әкімшісі аудитпен қамтылды. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 10 233 781,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1989392,0 мың теңге). Оның ішінде 2019 жылы 805 659,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 431 977,0 мың теңге), 2020 жылы 4 198 042,4 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 200 563,0 мың теңге), 2021 жылы 5 230 079,6 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1 356 852,0 мың теңге).
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 1 301 107,9 мың теңге көлемінде бюджет және өзгеде заңнама талаптарының сақталмауына жол берілген.
Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 22 542,6 мың теңгені құрады, оның қалпына келтірілуге жататыны 12 021,9 мың теңге, өтелуге жататыны 10 520,7 мың теңге.
Бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнама бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 10 520,7 мың теңгені құраса, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі анықталған бұзушылықтар сомасы 12 021,9 мың теңгені құрады.
Аудит барысында қалпына келтірілген қаржы көлемі 6 674,7 мың теңгені және мемлекеттік аудит барысында өтелген қаржы көлемі 4 976,4 мың теңгені құрады.
Ал, аудиттен кейін қорытынды әзірлегенге дейін қалпына келтірілген қаржы көлемі 4 518,3 мың теңгені құраса, өтелген қаржы көлемі 5 383,6 мың теңгені құрады.
Жалпы қалпына келтірілетін қаржының қалдығы 828,9 мың теңгені құраса, өтелуі тиіс соманың қалдығы 160,7 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2020 жылы 170 664,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғандығы және 1 107 901,3 мың теңге (оның ішінде 2019 жылы 48 372,8 мың теңге, 2020 жылы 324 723,2 мың теңге және 2021 жылы 734 805,3 мың теңге) көлеміндегі бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылғандығы анықталды.
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 48 бірлікті (оның ішінде 2019 жылы 9 бірлік, 2020 жылы 18 бірлік және 2021 жылы 21 бірлік) құрады.
Жүргізілген аудиттің нәтижесімен тиісті құжаттар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жолданды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдалануына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің, активтерін басқарудың тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.