«Жылумен жабдықтау, тартылған қаржы қаражатын мақсатты пайдалану және жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындауы саласындағы басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс шара бойынша 1 ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен 1 бюджеттік бағдарлама әкімшісі аудитпен қамтылды.Аудиторлық іс-шарамен 01.01.2020-31.12.2022 аралығына қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 12 891 489,0 мың теңге.
Аудитпен барлығы 44 139,8 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2020 жылы 2 798,5 мың теңгені құраса, 2021 жылы 39 681,4 мың теңгені құрады.Тиімсіз пайдаланған қаржы көлемі 3 079 145,7 мың теңгені құрады және 108 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Қалпына келтірілуі тиіс 42 479,8 мың теңгенің 41 741,0 мың теңгесі аудит барысында бухгалтерлік есеп бойынша қалпына кетірілсе, өтелуге жататын 1 659,9 мың теңгенің 1 130,1 мың теңгесі аудит барысында өтелді.
Қорытынды дайындау кезеңінде Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданған материалдарға сәйкес, бес лауазымды тұлғаларға жалпы он алты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. Атап айтқанда, Энергетика Басқармасы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі — ӘҚБтК) 207 бабының 13 тармағы бойынша екі лауазымды тұлғаға (басшы міндетін атқарушылар) алты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылған.
Ал, Кәсіпорын бойынша ӘҚБтК 207 бабының 11 тармағымен бір лауазымды тұлғаға (Кәсіпорынның директор міндетін атқарушы) он бір, ӘҚБтК 207 бабының 10 тармағымен екі лауазымды тұлғаға (Кәсіпорынның директор міндетін атқарушылар) бес және ӘҚБтК 238 бабының 1 тармағының, 2) тармақшасымен бір лауазымды тұлғаға (бас есепші) 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, жауапкершіліктерге тартылған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.