«Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс шара бойынша 1 ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен 1 бюджеттік бағдарлама әкімшісі аудитпен қамтылды. Аудиторлық іс-шарамен 01.09.2020-31.12.2022 аралығына қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 24 221 256,0 мың теңге.
Аудитпен барлығы 14 160,7 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тиімсіз жоспарланған қаржы көлемі 25657,6 мың теңгені құраса, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 16 630 218,9 мың теңгені құрады және 11 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Қалпына келтірілуі тиіс 9582,8 мың теңге аудит барысында бухгалтерлік есеп бойынша қалпына кетірілсе, өтелуге жататын 4577,9 мың теңгенің 755,8 мың теңгесі аудит барысында өтелген және аудиттен кейін қорытынды дайындағанға дейін 1 911,3 мың теңге бюджетке өтелді.
Қорытынды дайындау кезеңінде Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданған материалдарға сәйкес, он екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылса, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау фактісі бойынша Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссия тарапынан екі лауазымдық тұлғаға хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері бойынша қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне Нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан Үзінділер жолданды.