Итоги круглого стола

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Шымкент қаласы аумағындағы ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына  және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына тиімділік аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасының нәтижесі бойынша дөңгелек үстелдің Хаттамасы

Шымкент  қ.                                                           №_____        қыркүйек 2023 жыл

Тексеру комиссиясының мүшесі  Ж.Сәдібеков төрағалық етті.

Хатшы -Р. Балатаев

Қатысқандар:Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Сәдібеков, Сапа бақылау бөлімінің бас инспекторы Д. Тастанов, «Шымкент қаласының цифландыру басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің басшысы М. Кемелов, бөлім басшысы Ботабаев Н, бөлім басшысы Туғанбай М, бас маман Дербисбаева Д. және «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы  А. Амиртаев, бас есепші А. Матжанова

Күн тәртібі:

  1. Аудит барысында анықталған бұзушылықтарды талдау және оларды болдырмау.
  • Баяндамашы:Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Сәдібеков.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Аудиторлық іс-шара қорытындысымен жалпы 6 527,7 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды, оның ішінде 6 132,5 мың теңгені құрайтын қалпына келтіретін және 395,2 мың теңгені құрайтын өтелетін қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудиторлық іс-шара барысында 395,2 мың теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар, 6 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 62 639,7 мың теңгені құрағаны анықталды.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптарын дұрыс басшылыққа алмағандығынан орын алған.

«Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудиторлық іс-шара қорытындысымен жалпы 79 336,9 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды, оның ішінде 72 135,7 мың теңгені құрайтын қалпына келтіретін және 7 201,2 мың теңгені құрайтын өтелетін қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудиторлық іс-шара барысында 7 201,2мың теңге бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар, 22 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 41 694,8  мың теңгені құрағаны анықталды.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптарын дұрыс басшылыққа алмағандығынан орын алған.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының Заң қызметі басшысының 10.08.2023 жылғы №151 қорытынды жобасына берген Заң сараптамасында «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Әзімхан Әсел Хасымханқызы жалпы сомасы 2020 жылы 3 қызметкерге 110,0 мың теңге, 2021 жылы 19 қызметкерге 1822,4 мың теңге, 2022 жылы 43 қызметкерге 5247,5 мың теңге, барлығы 7179,9 мың теңгені артық аударып өз қажеттілігіне пайдаланғандағы туралы фактілерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалатындығы көрсетілген.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануы мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиын барысында 2020-2022 жылдары бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының бұзылуы, мекеме қызметкерлеріне жалақыны беруде өрескел қателіктерге жол берілгендігі туралы мәселелер талқыға салынды.

Алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу, оның алдын алу, бюджеттен бөлінген қаражаттың  тиімді жоспарлануына және пайдалануына бақылауды күшейту жөнінде айтылған ұсыныстар дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Семинар қорытындысымен шешім етті: Баяндамашының, қосымша сөз сөйлегендердің ұсыныс-пікірлері және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптары, Мемлекеттік сатыр алу Заңның талаптары, Бухгалтерлік есеп туралы Заңның талаптары,Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы  №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларының талаптары, «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі және бағынысты «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан қаржылық есептілікті жасау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік, бухгалтерлік есеп туралы және өзге де заңнамаларды қызметі жүргізу барысында басшылыққа алынсын.

Семинар кеңес төрағасы                                              Ж. Сәдібеков  

Хатшы                                                                              Р. Балатаев