ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның, соның ішінде концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау»

аудиторлық іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелеріне

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

ШЫМКЕНТ

2023 жыл

МАЗМҰНЫ

I.  Кіріспебөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы: __________________________________________

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:___________________________________________

1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:_______________________________________

1.4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:_____________________________

          II. Негізгі (талдамалық) бөлік

          2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:________________

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері: _____________________________

2.3.Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):___________________________________ (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлік

3.1 Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:____________

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар: ______________

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:_________________________________________________________________________________

          3.4.Қосымша: (____парақ)  

                                          Шымкент қаласы бойынша

                                                      тексеру комиссиясының төрағасы

                                                             Н. А. Нәлібаевқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

  1. іс-шараның атауы:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның, соның ішінде концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау» мемлекеттік аудит жүргізу».

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың тиімділігін талдау және бағалау».

«Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика басқармасы);

— «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Спорт басқармасы);

— «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Көлік басқармасы);

«Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Энергетика басқармасы). Аудиторлық іс-шара Қазақстан Республикасының Жоғары Аудиторлық Палатасымен қатар тексеру болып табылады.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.01.2019-01.07.2023 жылдар аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік.

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдегі мемлекеттік және бизнес құрылымдардың өзара тиімді ынтымақтастығын білдіреді. МЖӘ арқылы шағын және орта бизнестің жаңа субъектілері пайда болады, жаңа әлеуметтік инфрақұрылым салыну мен жаңа жұмыс орындары құрылу арқылы бюджет қаржысына жүктемені азайту мен бюджетке салық түсімдері ұлғайту мақсаты көзделген.

МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органдарына жылдар бөлінісінде тиісті көлемде лимиттер жоспарланып бекітіледі.

Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 23.05.2019 жылғы №41, 11.01.2021 жылғы №6, 14.12.2021 жылғы №106, 13.06.2022 жылғы №43, 15.03.2023 жылғы №33 бұйрықтарымен 2019 жылға 63 140 851,0 мың теңге, 2020 жылға                         133 194 200,0 мың теңге, 2021 жылға 131 206 036,0 мың теңге, 2022 жылға     205 268 625,0 мың теңге, 2023 жылға 239 139 197,0 мың теңге мемлекеттік міндемелердің лимиті бекітілген.

Кесте №1

(мың теңге)

МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органның 2019-2023 жылдарға арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган2019 жыл2020 жыл2021 жыл2022 жыл2023 жыл
  Шымкент қ.  63 140 851,0  133 194 200,0  131 206 036,0  205 268 625,0  239 139 197,0

Жыл сайын мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерінің ұлғаюы байқалынады.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен        3 санатқа бюджеттік өтеу бойынша МЖӘ жобаларын санаттау енгізілген:

I санат — жекеше әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу;

II санат — бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен инвестицияларды ішінара өтеу;

III санат — бюджеттен өтелмейді. Өтеу қызметтер (тариф, мемлекеттік тапсырыс, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, ақылы қызметтер және т.б.) есебінен жүргізіледі.

2019-2023 жылдар аралығында жалпы 59 МЖӘ жобаларын іске асыруға бағытталған, оның ішінде I санат бойынша  30 жоба, II санат бойынша 7 жоба, III санат бойынша 22 жоба.

                                                                                                                                  Кесте №2

    (мың теңге)

2019-2022 жылдар мен 2023 жылғы I-жарты жылдықтағы  инвестициялық шығындарды өтеу және мемлекеттік міндеттемелер бойынша жасалған МЖӘ шарттары

АтауыШарттар жасалған жобалар саны, (бірлік)Жобалардың жалпы құны (мың теңге)Инвестициялық төлемОперациялық төлемБасқарғаны үшін төлем
2019 жыл2933 220 606,021 206 662,07 188 644,04 825 300,0
Денсаулық сақтау512 143 476,08 186 916,03 956 560,0
Білім23 297 217,01 026 290,01 631 227,0639 700,0
Спорт43 766 736,0321 790,03 215 906,0229 040,0
Абаттандыру157 689 699,06 811 835,0877 864,00
Төтенше жағдай14 859 831,04 859 831,0 0 
Ауыл шаруашылығы11 425 247,001 425 247,0  0
Экономика138 400,038 400,0 0
2020 жыл417 733 980,011 188 066,04 250 313,02 295 601,0
Денсаулық сақтау1599 699,0599 699,000
Спорт1545 345,00545 345,0  0
Жарықтандыру116 411 988,010 588 367,03 528 020,02 295 601,0
Көлік инфрақұрылымы1176 948,0176 948,0  0
2021 жыл190000
«Шымкент қаласындағы мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру»190000
2022 жыл22 169 554,00,02 169 554,00,0
Спорт12 169 554,0 02 169 554,0 0
Денсаулық сақтау10,00,00,00,0
2023 жылдың I жарты жылдығы676 401 701,00,073 349 434,03 052 267,0
Абаттандыру және санитарлық тазалау676 401 701,0 073 349 434,03 052 267,0
Барлығы:59129 525 841,032 394 728,086 957 945,010 173 168,0

Экономика басқарманың деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеге сомасы 129 525 841,0 мың теңгеге 59 шарт жасалған (оның ішінде: инвестициялық төлем 32 394 728,0 мың теңге (25%), операциялық шығындар 86 957 945,0 мың теңге (67,1%), басқарғаны үшін 10 173 168,0 мың теңге (7,9%)).   

37 МЖӘ жоба бойынша жалпы сомасы 129 525 841,0 мың теңгеге мемлекеттік міндеттемелер қабылданған. 22 МЖӘ жобалары міндеттемелерін бюджеттен төлеу қажет етпейді.

Жалпы 59 МЖӘ жобаларының жергілікті бюджеттің жүктемесін төмендету мақсатында мемлекеттік міндеттемелерді қажет етпейтін 22 жоба (оның ішінде: білім саласында 19 жоба, денсаулық сақтау 3 жоба) қарастырылған, жалпы 2 236 259,0 мың теңге инвестиция тартылған.

Аяқталған жобалар саны 16 немесе жалпы санынан 27% құрайды. МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін қалыптастыруды талдау көрсеткендей, бюджеттен барынша толық өтеумен инвестициялар тарту үшін қолданыстағы лимиттерді пайдалану бойынша жұмыс жүргізілген. 

Аудитпен қамтылған кезенде жалпы 59 МЖӘ жобаларының ішінен 16 жобасы жалпы сомасы 8 283 112,0 мың теңгені құрайтын аяқталған, қалған 43 жалпы сомасы 121 242 729,0  мың теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда.

Туризм, кәсіпкерлік, цифрландыру саласындағы жобалар іске асырылған жоқ. Шымкент қаласы бойынша 2019-2022 жылдағы және 2023 жылдың I- жартыжылдығының аралығында концессиялық жобалар іске асырылмаған.

Қазақстан Республикасының МЖӘ іске асыру жөніндегі қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тізбеде көзделген және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастырылған. Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының жобалар базасына енгізілген МЖӘ жобалары бойынша 2019-2022 жылдар мен                 2023 жылғы I-жартыжылдықтағы мемлекеттік әріптестер МЖӘ-нің 59 жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстық рәсімдер арқылы өткізілген.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан мемлекеттік бастамашылықпен 51 МЖӘ жобалары, ал заңды тұлғалар тарапынан жеке қаржылық бастамашылықпен ұсынылған 8 жобалары іске асырылуда.

Кесте №3

  Салалар  Жоба саныоның ішінде
мемлекеттік бастамашылықжеке қаржылық бастамашылық
Білім2121 
Денсаулық сақтау624
Спорт624
Абаттандыру2222 
Төтенше жағдай11 
Ауыл шаруашылығы11 
Басқа (сараптама жүргізу)11 
Көлік инфрақұрылымы11 
Барлығы59518

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі 4 185 088,0 мың тенгені құрады.

Мемлекеттік аудит қорытындысы жүйелі кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау және іске асыру барысында Басқармалар тарапынан  тиісті  мониторинг пен бақылаудың  жоқтығын көрсетті.

Осы факторлар жалпы бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау                   89 994 713,4 мың теңге құрайтын, оның ішінде 5 аудан әкімдігің 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша барлығы 2 800 734,2 мың теңге  бұзушылықтар орын алған.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 15 бірлікті және жүйелі кемшіліктер 72 бірлікті құрады.

Мемлекеттік аудит нәтижесі көрсеткендей, бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджетті жоспарлау барысында бюджет заңнамасы мен өзге де заңнама талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған, оның ішінде:

Экономика басқармасы бойынша:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі 39 200,0 мың тенгені құраған.

Бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау 79 202 435,2 мың теңге құрайтын бұзушылықтарға алып келген.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 17 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 10 бірлікті құрады.

2023-2028 жылдар кезеңінде «Шымкент қаласының 5 ауданының аумағындағы магистральдық көшелерді және саябақтарды, скверлерді, аллеяларды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау» мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша жұмыстар мен қызметтерді орындауға 6 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша                76 401 701,0 мың теңге көзделген. Мемлекеттік әріптес «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі және жеке компаниялар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып табылады.

МЖӘ жобасы бойынша жалпы сомасы 66 423 269,0 мың теңгеге барлығы 840 магистральдық көшені абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар мен қызметтер және қаланың саябақтарын, скверлері мен аллеяларын (барлығы 54 саябақ) абаттандыру мен күтіп ұстауға 9 978 432,0  мың теңге көзделген.

Жеке серіктестердің 6 жоба бойынша инвестициялары есебінен                 2023-2026 жылдар кезеңінде құдықтар мен суару жүйелерін, сорғыларды орнату, сондай-ақ жалпы сомасы 6 536 196,0 мың теңгеге ағаштар мен бұталарды отырғызу, оның ішінде ұнғы қазу, суару жүйелерін, ал                4 826 316,0 мың теңгеге суару жүйелерін монтаждау жоспарланған (440 суарғышты, суару жүйелерін орнатуға, учаскелерді суарудың 440 жүйесі және 440 сорғы құрылғысы)  1 709 880,0 мың теңгесомасында 1,5 млн. дана ағаш отырғызуға).

Бұл ретте, 2023 жылдың сәуір айына дейін Шымкент қаласының аумағындағы магистральдық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және күнделікті санитарлық тазалау бойынша барлық ағымдағы шығыстар жыл сайын бюджеттік бағдарламамен қала аудандарының әкімдіктері және конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу тәсілімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ұйымдастыру арқылы қаржыландырылғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, бөлінген қаражаттың жалпы сомасынан магистральдық көшелерді көгалдандыру және күнделікті санитарлық тазалау, қоқыс пен қарды жинау, ағаштар мен бұталарды күту бойынша қызметтер көрсету бойынша ағымдағы шығындар қаржыландырудың 90%-дан астамын құрайды, тиісінше қаржыландырудың қалған 10%-ы ағаштарды абаттандыру және отырғызу бойынша жұмыстар мен қызметтерді орындау бойынша шығыстарды құрайды. Осыған сүйене отырып, МЖӘ жобасында көрсетілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері инвестициялық жобаларға жатпайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы шарт бойынша қаржыландырылмауға тиіс.

1. МЖӘ жобасының басымдылығын, өзектілігін айқындау кезінде МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы дәрежесінің ведомствоаралық жобалау тобының ұсынымын қараусыз және ұсынусыз уәкілетті орган МЖӘ тетігі арқылы талаптарды сақтамай жобаны іске асыру қажеттілігі туралы оң экономикалық қорытындылар берген, яғни №725 Бұйрығының 12-тармағының талабы сақталмаған.

Бұдан әрі, уәкілетті органның жобаларды қаржыландыру жөніндегі 2023-2028 жылдар кезеңіндегі «Шымкент қаласының 5 ауданының (Еңбекші, Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Тұран және саябақтар, скверлер мен аллеялар) жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңгеге мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау жөніндегі магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» МЖӘ тетігі арқылы ұсынысы, бюджет комиссиясы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2023 жылғы 13 наурыздағы                         №8 хаттамамен мақұлданған.

Тиісінше, Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 03 сәуірдегі №2/15-VIII Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімімен                       2023-2028 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешім жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңге қабылданған.

2. МЖӘ жобасының басымдылығын, өзектілігін айқындау кезінде уәкілетті орган Экономика Басқармасы атынан жыл ішінде көзделген мемлекеттік инвестициялық жоба ретінде Шымкент қаласының 5 ауданының (Еңбекші, Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Тұран және саябақтар, скверлер мен аллеялар) «Магистральдық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» бойынша көзделген жұмыстар мен қызметтер бірінші кезектегі басым және шұғыл инвестициялық жобалар болып табылмасада, оның ішінде маусымдық және күнделікті ағымдағы жұмыстар мен абаттандыру жөніндегі қызметтерге экономикалық қорытындылар берілген. Бұл ретте, №725 Бұйрығының 12-тармағының талаптары сақталмаған.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» №379-V Заңының 6-бабына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтынын атап өткен жөн.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» №710  қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» №710 қаулысына қосымшаның 1 және 7-тармақтарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін беруге жатпайтын объектілер тізбесіне жер, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтар жатады.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қаңтардағы «Өсімдіктер әлемі туралы» №183-VII Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктер әлемі туралы Заң) 1-бабының 6) және 8) тармақшаларына сәйкес жасыл екпелер мұны қорғаныш, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және т.б. орындайтын ағаш-бұталы және шөптесін өсімдіктердің екпелерін білдіреді елді мекендердің аумақтарындағы басқа функциялар, өсімдіктер әлемі — бұл табиғи жағдайда өсетін, сондай-ақ белгілі бір аумаққа жасанды түрде отырғызылған өсімдіктер түрлерінің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының жиынтығы болып табылады.

Өсімдіктер әлемі туралы Заңның 5-бабына сәйкес, жасыл кеңістіктер мен ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары өсімдіктер әлемін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеудің объектісі болып табылады.

Өсімдіктер әлемі туралы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның құзыретіне 19 функция мен өкілеттік, оның ішінде мемлекеттік саясатты іске асыру, өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында елді мекендердің жасыл екпелерін құру, күтіп-ұстау және қорғаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту енгізілген.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретіне осы Заңның 10 және 11-баптарында ұқсас өкілеттіктер енгізілген.

Өсімдіктер әлемі туралы Заңының 9 – бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы «Елді мекендердің жасыл желектерін құрудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың  үлгілік қағидалары» №62 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар). Үлгілік қағидалардың 2-тармағында елді мекендердің жасыл екпелерін құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын жергілікті атқарушы органдар осы Үлгілік қағидалардың негізінде әзірлейтіні айтылған.

3. Жергілікті атқарушы орган аудит жүргізілген кезең аралығында ұқсас үлгілік қағидаларды әзірлеп бекітпеген, сондықтан үлгілік тәртіп арқылы Шымкент қаласы елді мекендерінің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау айқындалмаған, яғни Үлгілік қағидалардың 2-тармағының талабы сақталмаған.  

Нәтижесінде, №129 Қағиданың 26-тармағының талабы сақталмай   бастапқыда көзделген талаптары жобаның техникалық тапсырмасын әзірлеу және бюджеттік инвестициялық жобаға техникалық экономикалық негіздемеге қажетті сараптамасы жүзеге асырылмаған.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген заңнама нормаларының талаптарынан бұл жоба бастапқыда инвестициялық жоба болып табылмайтынын атап өту қажет, өйткені ол Жаңа объектілерді құруға (салуға) немесе қолда бар объектілерді қайта жаңартуға бағытталмайды, бірақ жыл бойы көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша ағымдағы күнделікті жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір кезеңін орындауға бағытталған, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін беруге жатпайтын саябақтар, скверлер мен аллеялар, осы жұмыстар мен қызметтерді қаржыландыруды бюджеттік бағдарламаның әкімшілері жыл сайын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру әдісімен конкурстық негізде жүзеге асырған.

4. МЖӘ жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес ресурстарының бірлестігі болмаған кезде, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жасалған 6 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары оның белгілеріне сәйкес келмейді, яғни Кәсіпкерлік кодексінің 70-бабының 4, 4,1-тармағының талабы сақталмаған.  

Осылайша, инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не инфрақұрылымды басқаруды қамтиды.

5. Кәсіпкерлік Кодекстің 72-бабына сәйкес құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын ғимараттар, құрылыстар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылатынын атап өткен жөн, сондай-ақ, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша күнделікті жұмыстар емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде пайдаланылады.

Осылайша, Кәсіпкерлік Кодекстің жоғарыда көрсетілген нормаларынан Басқарма жобаларға «Магистральдық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» мемлекеттік инвестициялық жобасының инвестициялық ұсынысы ретінде Шымкент қаласының 5 ауданының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік мақсаттарына, міндеттеріне, қағидаттарына көзделген талаптарға сай келмейтін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына экономикалық қорытындылар берілген.

2023 жылға арналған инвестициялық ұсыныстарды (жобаны) іріктеуді бағалау кезінде құзыреті шегінде жергілікті деңгейде МЖӘ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган Басқарма атынан экономикалық қорытынды (26.01.2023ж. №41-04-10/72/1; 26.01.2023ж. №41-04-10/72/2;  26.01.2023ж. №41-04-10/72/3; 26.01.2023ж. №41-04-10/72/4; 26.01.2023ж. №41-04-10/72/5; 26.01.2023ж. №41-04-10/72/6) беріліп, яғни «Шымкент қаласының 5 ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» бойынша жұмыстар мен қызметтерді орындауға 840 магистральдық көше және 54 саябақ, сквер және аллея инвестициялық жоба ретінде, іске асыру мерзімі 5 жыл (2023 жылдан 2028 жылға дейін) жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңгеге мемлекеттік міндеттемелер қабылданған, оның ішінде:

1) Абай ауданы бойынша аумақты қамту құны 13 422 359,0 мың теңге болатын 147 көшені (80 механикалық, 67 қолмен тазалау) тазалауды, оның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы 12 805 578,0 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы 616 781,0 мың теңге, онда мынадай сандық және сапалық нәтижелер көзделген (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «KazStroyCapital LTD» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №1/303/2/33 келісім шарт түзілген):

— 5 жыл ішінде ауаның ластану деңгейін төмендету;

— санитарлық тазарту жүйесін жақсарту;

— көгалдандыру саласындағы ең заманауи технологияларды қолдана отырып, қаланың жасыл желектерін отырғызу жүйесін 100% жақсарту;

— жазғы және қысқы маусымда аула, ішкіорамдық (внутриквартальный) және орталық аумақтарды және санитарлық тазалау (сыпыру, жуу, суару, қысқы жұмыстар және т.б.) бойынша сапалы қызметтерді 100% қамтамасыз ету;

— тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн санитарлық тазарту жұмыстарының үздіксіз, күнделікті өндірісі;

— Абай ауданының аумақтарын санитарлық тазалаумен 100% толық қамту.

Экономикалық қорытындының қорытындылары мен ұсынымдарында жоба Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген МЖӘ-нің жекелеген принциптері мен сипаттамаларына сәйкес келмейтіні атап өтілген, алайда «Абай ауданының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» мемлекеттік инвестициялық жоба орынды деп санайды.  Шымкент қаласы ауданының қалған объектілері бойынша экономикалық қорытындыларда сандық және сапалық нәтижелері бірдей.

2) Еңбекші ауданы бойынша аумақты қамту 140 көшені (83 механикалық, 57 қолмен тазалау) құрайды. Жұмыс құны 11 862 484,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы 11 317 382,0 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы 545 102,0 мың теңге (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Группа интеко» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №3/303/4/35 келісім шарт түзілген;

3) Әл-Фараби ауданы бойынша аумақты қамту құны 13 687 600,0 мың теңге болатын 218 көшені (109 механикалық, 109 қолмен тазалау) механикалық және қолмен тазалауды құрайды, оның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы 13 058 631,0 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы 628 969,0 мың теңге (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Таза Өлке» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №2/303/3/34 келісім шарт түзілген;

4) Тұран ауданы бойынша аумақты қамту құны 13 698 999,0 мың теңге болатын 185 көшені (96 механикалық, 89 қолмен тазалау) тазалау                 болып табылады, оның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы                        13 069 504,0 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы 629 495,0 мың теңге (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №5/303/6/37 келісім шарт түзілген);

5) Қаратау ауданы бойынша аумақты қамту құны 13 751 827,0 мың теңге болатын 150 көшені (75 механикалық, 75 қолмен тазалау) тазартуды құрайды, оның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы 13 119 907,0 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы 631 920,0 мың теңге (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Жасыл-Жер Шымкент» ЖШС, «Жасыл-Жер» ЖШС, «Zhasyl-Zher Transavto» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №4/303/5/36 келісім шарт түзілген);

6) Сондай-ақ, Экономика басқармасымен құны 9 978 432,0 мың теңге болатын «10 саябақ пен 44 аллея мен скверді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» мемлекеттік инвестициялық жоба инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды берілген (Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Эталон» жөндеу құрылыс кәсіпорны» ЖШС арасында 10.04.2023ж. №6/303/7/38 келісім шарт түзілген).

Бұл ретте,  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік Кодекстің 72-бабының, 73-бабының 1-тармағы және 2-тармағының талаптары сақталмаған.  

6. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының дендрологиялық жоспар және көгалдандыру бойынша жұмыстардың барлық түрлері бекітілмей жүргізілген. 

Бұл ретте, Басқарма Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 1-тарау,3 тармағы 4) тармақшасының талаптары сақтамаған.

7. Осылайша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңының, Кәсіпкерлік кодекстің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы қарашадағы №710 қаулысының қосымшасының 1 және 7-тармақтарының талаптары мен нормаларын сақталмай, өсімдіктер дүниесі объектілер тізбесіне жататын, яғни мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін беруге жатпайтын жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңгеге мемлекеттік міндеттемелер қабылданып, жоспарланған. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» №710 қаулысының қосымшасының 1 және 7-тармақтарының нормаларын сақтамай, Шымкент қаласы әкімдігінің 13.06.2023 жылғы №1415 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін бекіту туралы» қаулысының қосымшада 17-тармақта «Абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» бекітілген.  

Кесте №4

/Мың теңге/

 Бюджеттік бағдарлама2020 жыл2021 жыл2022 жыл2023 жылҚаржыландырудың өсу немесе төмендеу динамикасы (+:-)
1009 015 «Аумақты санитарлық тазарту» («Шымкент қаласының әкімдігі»ББӘ)1 260 473,06 765 631,09 485 308,010 250 227,0 
2011 «Аумақты абаттандыру» оның ішінде: р /с (трансфер) есебінен – 4 109 154,0 мың теңге; м/б есебінен-2 400 759,0 мың теңге («Шымкент қаласының әкімдігі»ББӘ)6 694 941,08 505 923,09 370 137,010 476 066,0 
 жиынтығы:7 955 414,015 271 554,018 855 445,020 726 293,0 
 2020 жылға қарай қаржыландыру сомасының % — ға ұлғаюы 192%237%260,5%Өсім 260,5%
3Шымкент қаласының саябақтары мен скверлерін, аллеяларын абаттандыру және күтіп ұстау (ББӘ «Табиғат БасқММ.») 1 541 667,01 541 667,0  
 жиынтығы:7 955 414,016 813 221,020 397 112,0  
 МЖӘ шарты бойынша (ББӘ «Табиғат БасқММ.»)   11 332 479,0 
 Барлығы: (бюджеттік бағдарламаның 2 әкімшісі бойынша)   32 058 772,0Өсім 403%

Жоғарыда көрсетілген кестеден 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржыландыру жоспарының өсу серпіні байқалады, абаттандыруға, санитарлық тазалауға, аумақты көгалдандыруға және саябақтарды, скверлер мен аллеяларды күтіп ұстауға арналған шығыстар 2020 жылдан бастап, яғни 403%-ға ұлғайған, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығыстар барлығы 7 955 414,0 мың теңгені құраған. 2023 жылға қаржыландыру жоспары бойынша барлығы 32 058 772,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде Шымкент қаласының 5 аудан әкімдігінен басқа, көрсетілген жұмыстар мен қызметтерге 2023 жылы «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі және жеке әріптестерімен жасалған 6 шарт бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы мемлекеттік міндеттемелер қабылданған.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген қаржыландыру жоспарының өсу себебін түсіндіру мақсатында Экономика басқармасынан түсіндірме ақпарат сұратылып, нәтижесінде Басқарма тарапынан тек жылдар бөлінісінде жоспарланған қаржылар бойынша ақпарат ұсынылды, бірақ қаржыландыру жоспарының өсу себеп-салдары бойынша тиянақты ақпарат ұсынылмады. 

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мен   саябақтардың, сквер мен аллеялардың аумағына қызмет көрсету бойынша МЖӘ шартына сәйкес 2023 жылға жалпы сомасы 11 332 479,0 мың теңге жоспарланған.

2023 жылға көрсетілген 6 жоба бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданып, 2023 жылғы I-жартыжылдықта аудитпен қамтылған  кезеңде нақты барлығы 3 506 467,0 мың теңге қаржыландырылған (оның ішінде жайлы ортаны дамыту басқармасы 3 478 780,0 мың теңге, аудан әкімдіктері 27 687,0 мың теңге).

Қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 009015 «Аумақты санитарлық тазарту» және 011015 «Аумақты абаттандыру, көгалдандыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша тиісті бюджеттен бөлінген қаражат қаланың 5 аудан әкімдігіне Шымкент қаласының аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар мен қызметтерді орындауға жыл сайын өсім байқалады.                         2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы өсім 192%-ға, 2022 жылы 237%-ға, 2023 жылғы 1 қаңтарда 260% — ға өскен.

Аудиторлық іс — шара барысында «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі — Автомобиль жолдары басқармасы) уәкілетті органға 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Шымкент қаласы бойынша нақты есепте тұрған барлық көшелер, оның ішінде магистральдық көшелер туралы сұрау салу арқылы ақпарат алынды.

Мәселен, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңының 3-бабының 7-тармағына сәйкес қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді делінген.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №112 «Шымкент қаласы бойынша көшелер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен Шымкент қаласы көшелерінің, оның ішінде магистральдық көшелердің саны – 69 бірлік тізбесі бекітілген.

Сонымен қатар, Автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес жалпы 2023 жылы Шымкент қаласының 5 ауданында барлығы 3551 көше, оның ішінде магистральдық — 69 көше.

Шымкент қаласының 5 ауданының мәліметіне сәйкес, Абай ауданы бойынша -1164, Әл-Фараби ауданы бойынша-359, Еңбекші ауданы бойынша-728, Қаратау ауданы бойынша – 595, Тұран ауданы бойынша – 597, барлығы қала бойынша 3443 көшені құрады. Нәтижесінде, 5 ауданның мәліметін (3443) Автомобиль жолдары басқармасының мәліметімен (3551) салыстырғанда айырмасы 108 көшеге кем екені анықталып отыр. 

Сонымен қатар, бағдарлама әкімшісі Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы арқылы 443 магистральдық көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілген, 2023 жылы 5 аудан әкімдігінде көшелер саны жалпы 3886 құрайды, айырмасы 335 көше мәліметтен артық екені анықталды, яғни 335 көшеге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының көшелерін (443) қоса алғанда жалпы 1 415 577,3 мың теңге қаржы тиімсіз артық жоспарланған (11332479,0+5088218,0/3886=4225,6 х 335). 

Жалпы 2023 жылы 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 ауданда барлығы 3443 көшеге 5 088 218,0 мың теңге қаржы арқылы жоспарланған, ал мемлекеттік міндеттеме мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша 443 көшеге 11 332 479,0 мың теңге қабылданған. 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша бір көшеге кететін шығынды орта есеппен алғанда бойынша 1477,8 мың теңгені құрайды, ал мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша 25 581,2 мың теңгені құрайды.

Айта кететін жай, талдау барысында мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша жоспарланған бюджет қаржыларының бюджетке еселеп ауырпалық түсіргені байқалады.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №112 көшелер тізбесін бекіту туралы каулыға сәйкес жалпы қала бойынша көшелердің барлығы 3247,6 шақырым, оның ішінде магистральдық көшелердің ұзындығы 271,0 шақырым (км), шалғай елді мекендер 1282,7 шақырым, ішкі орам жолдары 1693,8 шақырым болып бекітілген.

Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік 6 жобасы бойынша түзілген келісім шартта магистральдық көшелерді механикалық және қолмен тазалау бойынша көшелердің тізімі көрсетілген, бірақ тазалау көлемі магистральдық көшемен және ішкіорамдық көшелер көлемі мен тарифі нақты көрсетілмеген. Сол себепті жалпы бөлінген қаржылар жалпы көше санына шаққанда бір көшеге кететін шығын орта есеппен алынды. 

Сондай-ақ, 5 аудан бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін қызмет түрлерінің тарифтері 5 аудан әкімдіктері тарапынан ұсынылмады, яғни бекітілмеген, яғни механикалық тазалау, көшелерді жуу, техникамен көшелерді сыпыру, қыста қар күреу, тайғаққа қарсы инертті материалдарды себу, аялдамаларды, аяқжолдарды, ирригациялық арықтарды, жиектастар жанын тазалау және қолмен тазалау жұмыстары бойынша тарифтері 5 аудан әкімдіктері тарапынан бекітілмеген. Жылдар бөлінісінде санитарлық тазалық бағытына жоспарланған қаржылар негізделіп бөлінбеген.  

Автомобиль жолдары басқармасының 2020 жылғы ұсынған деректері бойынша Шымкент қаласының 4 ауданында (Абай, Әл –Фараби, Еңбекші, Қаратау) барлығы-3144 көше, оның ішінде магистральдық — 89 көше бар (Абай – 38, Әл — Фараби-25, Еңбекші — 26 және Қаратау-0).

2021 және 2022 жылдары Шымкент қаласының 4 ауданында (Абай, Әл –Фараби, Еңбекші және Қаратау) барлығы-3300 көше, оның ішінде магистральдық — 69 көше бар (Абай – 25, Әл — Фараби-26, Еңбекші – 18, Қаратау-0).

2023 жылы Шымкент қаласының 5 ауданында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау,Тұран) барлығы-3551 көше, оның ішінде магистральдық — 69 көше бар (Абай – 19, Әл — Фараби-26, Еңбекші – 18, Қаратау – 0, және Тұран — 6). 2023 жылы Шымкент қаласының Тұран ауданын құру кезінде қаланың басқа аудандарынан бірқатар көшелері осы ауданға өткен. Осылайша, соңғы 4 жылда жүргізілген талдаумен Шымкент қаласының көшелері динамикасының өсуі анықталды, 2020 жылмен салыстырғанда 407 көшеге немесе 12,9% ұлғайған. Сол сияқты, нақты 3551 көшелер санынан мемлекттік-әріптестік әріптестік жобасына 443 көше немесе 12,5% құрайды, ал қалған 3108 көшенің үлесін 5 аудан әкімдіктері атқарады немесе 87,5% құрайды.  

Аудиторлық іс-шара барысында аудан әкімдіктерінен сұратылып алынған мәліметтерге сәйкес, аудиторлық есепте көрсетілген кестеде аталған бағдарламалар бойынша 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында 403 пайызға өсуінің негізгі себептері жыл сайынғы көшелердің санынын артуы, көгалдандыру, ағаштарды күтіп ұстау, әктеу, қырқу, суғару және тағы басқада көрсетілетін қызмет түрлерінің және тазалық жұмыстарының түрлерінің тарифтерінің өсу салдарынан ұлғайғандығы айғақталды.

Мысалыға,Әл-Фараби ауданының ұсынған мәліметіне сәйкес аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарына және 318 ішкі орам жолдарын тазалауға 2020 жылы 238 864,0 мың теңге қаржы қаралған. Ал, 2021 жылы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан атқарылып келген аудан аумағындағы басты 73 көшелердің санитарлық тазалық жұмыстары (механикалық тазалау, көшелерді жуу, техникамен көшелерді сыпыру, жиналған лас суларды тазарту, қыста қар күреу, тайғаққа қарсы инертті материалдарды себу, аялдамаларды, аяқжолдарды, ирригациялық арықтарды, жиектастар жанын тазалау және қолмен тазалау жұмыстарын) аудан әкімшіліктеріне берілген. Осыған орай, аудан аумағындағы басты 73 көшелердің және көп қабатты үйлерің аулалары, ішкі орамдық 307 көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарына 1 622 472,0 мың теңге қаржы қаралған.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылға бөлінген қаржының ұлғаю себебі, халық санының өсуі, атқарылатын коммуналдық қызметтердің тарифтік құнының өсуі, ауладағы тазалау жұмыстарының көлемі ұлғайып аптасына 1 рет тазалау жұмыстары 2 ретке көбейген. 2022 жылы аудан аумағындағы басты 102 көшелердің және көп қабатты үйлердің аулалары, ішкі орамдық 292 көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарына 2 357 200,0 мың теңге қаржы қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылға бөлінген қаржының ұлғаю себебі, халық санының өсуі, атқарылатын коммуналдық қызметтердің тарифтік құнының өсуі, ауладағы тазалау жұмыстарының көлемі көбейіп аптасына 2 рет тазалау жұмыстары 3 ретке көбейтілген, аудан аумағындағы басты көше саны 73 көшеден 102 көшеге көбейген. 2023 жылы аудан аумағындағы басты 109 көшелердің және көп қабатты тұрғын үйлерің аулалары, ішкі орамдық 250 көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарына 2 404 181,0 мың теңге қаржы қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылға бөлінген қаржының ұлғаю себебі, халық санының өсуі, атқарылатын коммуналдық қызметтердің тарифтік құнының өсуі, ауладағы тазалау жұмыстарының көлемі артып аптасына 3 рет тазалау жұмыстары 4 ретке көбейтілген.Аудан аумағындағы басты көше саны 102 көшеден 109 көшеге көбейген.

Тұжырымдай келе, Әл-Фараби ауданы 2020 жылдан 2022 жыл аралығында жалпы 76 көшеге өскен, ал қаралған қаржысы 2 118 336,0 мың теңгеге немесе 9,8 есеге өскен. Ал, 2023 жылы жалпы 109 басты көшені мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілуіне байланысты 1 556 875,0 мың теңге қысқартылған. Талдау нәтижесімен, 2020 жылы 1 көшеге шаққанда орта есеппен 751,1 мың теңгені құрайды, ал 2021 жылы 1 көшеге 4269,7 мың теңгені құраған, 2022 жылы 1 көшеге 5982,7 мың теңгені құраған немесе 2020 жылмен салыстырғанда 5231,6 мың теңгеге немесе 7,9 есеге өскен.  Жалпы қорытындылай келе, жыл сайын көшелердің тазалау жұмыстарының бірнеше ретке ұлғаюының себептері негізделмеген.

 Шымкент қаласының 5 ауданы әкімдігінің ұсынған ақпараттарына және қала әкімдігінің тексеру комиссиясына ұсынған айсайынғы есептеріне сәйкес аумақтық санитарлық тазалау 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде анықталғаны:

  • (410-69). Осы жылға аталған бағдарлама бойынша нақты игерілген қаржы 6 765 623,8 мың теңгені құрайды, яғни орта есеппен жалпы көшенің санына шаққанда 1 көшеге жұмсалған шығынның көлемінің үлесі 2 277,2 мың теңгені құрап отыр (6765623,8/2971=2277,2). Нәтижесінде 1 көшенің үлесін 341 магистральдық көшеге көбейткенде жылына 776 525,2 мың теңге қаржы тиімсіз жоспарланған, оның ішінде аудандар бойынша :  
  • (69/4=17,2; 161-17,2х2277,2),
  • ;

2022 жылы 4 аудан бойынша жалпы 69 магистральдық көше бекітілген болса, ұсынылған ақпарат бойынша жалпы 3295 көше немесе 2021 жылмен салыстырғанда 324 көшеге өскен, оның ішінде магистральдық 487 көше, айырмасы 418 магистральдық көшеге артқан (487-69). Осы жылға аталған бағдарлама бойынша жоспарланған қаржы 9 485 308,0 мың теңгені құрайды, яғни орта есеппен жалпы көшенің санына шаққанда 1 көшеге жұмсалған шығынның көлемінің үлесі 2 878,7 мың теңгені құрап отыр. Нәтижесінде 1 көшенің үлесін 418 магистральдық көшеге көбейткенде жылына 1 203 296,6 мың теңге қаржы тиімсіз жоспарланған, оның ішінде аудандар бойынша: 

  • (69/4=17,2; 183-17,2х2878,7),

— 2023 жылы 5 аудан бойынша жалпы 69 магистральдық көше бекітілген болса, ұсынылған ақпарат бойынша жалпы 2715 көше немесе 2022 жылмен салыстырғанда 65 көшеге артқан, оның ішінде магистральдық 463 көше, айырмасы 394 магистральдық көшеге артқан (463-69). Осы жылға аталған бағдарлама бойынша жыл басында 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған қаржы 10 250 227,0 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 443 көшені мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қаржыландыруға жыл басында жоспарланған қаржыдан 5 162 009,0 мың теңге қысқартылып бағытталған. Қалған қаржы 5 ауданның 3000 көшелерін елді мекендерді санитариясын қамтамасыз етуге жаңадан ашылған 5 коммунальдық мемлекеттік мекеме арқылы қаржыландыруға жалпы 5 088 218,0 мың теңге жоспарланған (10250227,0-5162009,0), яғни орта есеппен жалпы көшенің санына шаққанда 1 көшеге жұмсалған шығынның көлемінің үлесі 1696,1 мың теңгені құрап отыр (5088218,0/3000). Нәтижесінде 1 көшенің үлесін 484 магистральдық көшеге көбейткенде жылына 820 912,4 мың теңге қаржы тиімсіз жоспарланған, оның ішінде аудандар бойынша: 

  • (69/5=13,8; 183-13,8х1696,1),

 Сонымен қатар, 2023 жылғы сәуір айынан бастап 5 аудан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жалпы 443 көшеге, сондай-ақ санитарлық тазалық қызметін көрсету мақсатында келісім шарт түзілген. Алайда, Экономика басқармасы уәкілетті органының «Шымкент қаласының 5 ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» мемлекеттік инвестициялық жобасының инвестициялық ұсынысына берілген экономикалық қорытындысында Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша барлық магистральдық көшелер 443 қаралған немесе Автомобиль жолдары басқармасының ұсынылған деректерімен 69 магистральдық көшемен салыстырғанда айырмасы 374 магистральдық көшені құрайтыны анықталды.

Сол сияқты, 5 аудан әкімдінің ұсынылған ақпараттарына сәйкес, оның ішінде тариф калькуляциясына байланысты мәліметте барлық көшелерге санитарлық тазалау саласында бірдей тариф көлемі белгіленген, яғни көшелердің түрлері бойынша магистральдық немесе ішкіорамдық, оның ішінде механикалық немесе қолмен тазалау түрлеріне тарифтер бөлініп көрсетілмеген.

Калькуляцияда жылсайынғы инфляциялық өсім индексациясынан бөлек басқа да көшелерге жұмсалатын шығындардың еселеп өсу себеп салдары нақты көрсетілмеген. Осыған орай, көшелердің механикалық немесе қолмен тазалау түрлеріне тарифтер бөлінбеуіне байланысты нақты қаржы қажеттілігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, жоспарланған механикалық немесе қолмен тазалау магистральдық көшелерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қаржы шығындары орта есеппен алынды. Нәтижесінде, Автомобиль жолдары басқармасының ұсынылған деректерімен 69 магистральдық көшемен салыстырғанда 5 аудан әкімдігінің магистральдық көшелер санында айырмашылықтар анықталып отыр.

Сондай-ақ, Экономика басқармасының 6 жобаға берген экономикалық қорытындыда жалпы 443 магистральдық көше көрсетілген, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бағдарлама әкімшісі Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жеке әріптестер арасында 2023 жылға жалпы 11 332 479,0 мың теңге, оның ішінде санитариялық тазалау саласына 9 790 812,0 мың теңге міндеттеме қабылданған. Егер орта есеппен жалпы 443 көшенің санына шаққанда 1 көшеге жоспарланған санитариялық тазалау саласына шығынның көлемінің үлесі 22 101,2 мың теңгені құрап отыр. Ал, Автомобиль жолдары басқармасының ұсынылған деректерімен 69 магистральдық көшемен салыстырғанда айырмасы 374 көшеге немесе 8 265 832,2 мың теңгеге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша тиімсіз жоспарланғаны анықталып отыр.

 Талдау нәтижесімен 5 аудан әкімдігі бойынша анықталғаны, яғни «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңының 3-бабының 7-тармағының негізінде бекітілген Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №112 «Шымкент қаласы бойынша көшелер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен айқындалған магистральдық көшелердің саны сақталмай 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 776 525,2 мың теңге, 2022 жылы 1 203 296,6 мың теңге, 2023 жылы бюджет қаржысы 820 912,4 мың теңге, барлығы 2 800 734,2 мың теңге қаржы тиімсіз жоспарланып қаржыландырылған. Қорытындылай келе, жалпы аудан әкімдігі тарапынан Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4)тармақшасы 12) тармақшасының 13) тармақшасының  14) тармақшасының, яғни  тиімділік қағидатының талаптарының бұзылуына жол берілген.

Тұжырымдай келе, аталған абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалығы бойынша қызмет түрлері мен жұмыстары, яғни «Жасыл желектерді (көгалдарды, гүлзарларды, бұталарды, ағаштарды және т.б.) күту және абаттандыру бойынша магистральдық көшелер мен саябақтарды, сквер мен аллеяларды қоқыс пен қардан күнделікті санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету мақсаты болып табылатын МЖӘ тетігі арқылы шарт жасасуға» жатпайды.

Себебі, «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңға сәйкес             2023 жылғы 10 қаңтардан бастап «МЖӘ объектісі» ұғымының жаңа анықтамасы қолданылады.

Сонымен қатар, Заңның 1-бабының 13)тармақшасына сәйкес МЖӘ объектілері-құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылыстар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері МЖӘ жоба шеңберінде іске асырылады.

Осылайша, қызмет көрсету мақсатында МЖӘ тетігі арқылы шарт жасасу МЖӘ объектісі МЖӘ шарты шеңберінде ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) жабдықтарды, мүліктік кешендерді, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерін айқындаған кезде мүмкіндігі болады.

Алайда, аталған жобаларда пайдаланылатын ғимараттар, құрылыстар және жабдықтар, мүліктік кешендерінің МЖӘ объектілері қарастырылмаған, тек жасыл желектерді (көгалдарды, гүлзарларды, бұталарды, ағаштарды және т. б.) күту және абаттандыру бойынша магистральдық көшелер мен саябақтарды, сквер мен аллеяларды қоқыс пен қардан күнделікті санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету мақсаттары ғана қаралған. Яғни, аталған қызметтер мен жұмыстардың түрлері мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыруға жатпайды.

8. Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету саласындағы 6 жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыруға жатпайтындығы қолданыстағы бюджет заңнамаларының, кәсіпкерлік Кодекстің, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы, «Өсімдіктер әлемі туралы» Заңы, Үкімет қаулысы (№710), Экология және табиғи ресурстар министрінің (№62) бұйрығы, Ұлттық экономика министрінің (№129, №725) бұйрықтары талаптарының сақталмау салдарынан 2023-2028 жылдарға қарастырылған 76 401 701,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған, оның ішінде 2023 жылғы I-жартыжылдықта  3 506 467,0 мың теңге қаржыландырылған. 

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 17 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 10 бірлікті құрады. Оның ішінде:

 1) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларындағы міндеттемелердің орындалуына жүргізілген мониторингі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілердің ұсынған мәліметтері (7-қосымша) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Бірақ, 2019-2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылдығында тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге ұсынылмаған, яғни ақпарат толық емес ұсынылған.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 9 тарау, 248 тармақ «МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары МЖӘ шарты күшіне енген сәттен бастап жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингтеу деген МЖӘ жобасын іске асыру барысы туралы үздіксіз ақпарат жинау, талдау және жинақтау процесін білдіреді» — деген талабы сақталмаған;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.             2015 жылғы 25 қарашадағы  «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 144 (164) тармағының «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттары туралы олар жасалған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді»— деген талабын сақталмай, 2019-2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылдығында тізімдегі жобалардың 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп жіберілгені айқындалды.

Спорт басқармасы бойынша:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі 128 636,6 мың тенгені құрады.

Жалпы 2018 жылдан 2023 жыл аралығында барлығы 6 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда 2018 жылы 4 спорттық жоба іске асырылған, ал  2020 жылы 1 спорттық жоба пайдалануға берілсе, 2023 жылы 1 жоба іске асырылған. Жалпы осы спорт саласындағы жобаларда барлығы 2196 балалар мен жасөспірімдер әртүрлі спорт түрлерімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы шұғылдануды жүзеге асыру жоспарланған. Осы жобалардың ішінде екі жобаға талдау жұмыстары жүргізілген.

1. Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№69/608-6c шешіміне сәйкес, «Шымкент қаласында жекпе-жек спорт түрлерінен (бокс, кикбоксинг, дзюдо, джиу-джитсу) «Әли спорт» балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану»мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша, 2020-2029 жылдарға 545 345,0 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттемесі қабылданып, бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі мен «Куттыбеков Жакып Байханович» ЖК 30.09.2020 жылғы №1/381/4 келісім шарты жасалған.

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№25/235-VII шешіміне сәйкес, «Абай ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы бұқаралық балалар спортын дамыту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша,                                   2023-2029 жылдарға 2 169 554,4 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттемесі қабылданып, Бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі мен «OLYMPIC.KZ» ЖШС 30.12.2022 жылғы №1/381/6/32 келісім шарты жасалған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мерзімі аяқталғаннан кейін объекті мемлекет меншігіне қабылданбайды. Жобаны іске асырудағы түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші 49 жұмыс орнын ашу және аптасына 572 жасөспірімді спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай жасау көзделген.

Мемлекеттік аудит қорытындысы жүйелі кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау барысында Спорт басқармасы тарапынан  тиісті  мониторинг пен бақылаудың  жоқтығын көрсетті.

Осы факторлар жалпы бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау 26 963,0 мың теңге құрайтын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

1)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабының 6), 12), 13)-тармақшаларының нәтижелілік, тиімділік, қағидаттарының және жауапкершілік принциптерінің талаптары сақталмай 8 016,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған:

— Келісім шартқа екі жақты қол қойылғанға дейін бұл жобаны жүзеге асыруға қаржыландыру жоспарында қаржы қаралмаған. Яғни, 2020 жылғы 381 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалау бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасының 015(813) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалау бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» ерекшелігі бойынша 8 016,0 мың теңге келісім шартқа жеке әріптес ЖК «Ж.Куттыбеков» арасында екі жақты қол қойылғанға дейін жобаны жүзеге асыруға қаржыландыру жоспарында қаржы қазан, қараша айларына қаралмастан, яғни келісім шарттағы жылдық қаржы көлемі 8 016,0 мың теңге желтоқсан айына қаржыны игеру мақсатында жоспарланған.

2)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабының 6), 12), 13)-тармақшаларының нәтижелілік, тиімділік, қағидаттарының және жауапкершілік принциптерінің талаптары сақталмай 18 947,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған:

-2023 жылы маусым «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы №/29-VIII шешімін іске асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №1445 қаулысына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылауында ЖШС «OLYMPIC.KZ» жеке әріптеске 1,0 мың теңге қосымша қаржы қаралып, келісім шарт 2023 жылы 10 ақпанда №025901/23-001 куәлікке сәйкес Шымкент қаласының қазынашылық департаментінде            2023 жылғы 4 шілдеде №7119678 нөмірмен тіркеліп, нәтижесінде сәуір, мамыр, маусым айларына жоспарланған қаржылар шілде айына жалпы сомасы   18 947,0 мың теңге жылжытылып, қаржыландыру жеке жоспарына өзгерістер енгізілген.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 34 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 33 бірлікті құрады. Атап айтқанда:

1) Спорт басқармасы мен жеке әріптес ЖК «Ж.Куттыбеков» арасында (бастапқы) 2020 жылғы 30 қыркүйекте №1/381/4 түзілген келісім шарт қазынашылық департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №5715344 нөмірмен кеш тіркелген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 880 тармағының талабы сақталмай, яғни бастапқы келісім шарт екі айға кешіктіріліп тіркелеген.

2) Спорт басқармасы мен жеке әріптес ЖШС «OLYMPIC.KZ» арасында келісім шарт 2022 жылғы 30 желтоқсанда №1/381/6/32 түзілген. Сондай-ақ, 2023 жылы 10 ақпанда №025901/23-001 куәлікке сәйкес қалалық қазынашылық департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде №7119678 нөмірмен бастапқы келісім шарт кеш тіркелген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 880-тармағының талабы сақталмаған.

3) 2020, 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында жеке әріптес тарапынан кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бекітіліп ұсынылмаған. Бұл ретте, шарттың 9.2-тармағында «Жеке әріптес жыл сайын кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бекітеді және оларды мемлекеттік әріптеске ұсынады» — делінген тармағы орындалмаған.

4) Спорт басқармасы тарапынан 2020-2022 жылдардағы және                   2023 жылыдың I-жартыжылдығында МЖӘ шарты бойынша ай сайын міндеттемелердің орындалуы бойынша есеп тапсырылғаннан кейін операциялық шығындары өтеп отырған, яғни жеке әріптеске операциялық шығындарды өтеу үшін айсайынғы қаржыларды аударып отырудан басқа шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес орындалуын бақылау басқарманың назарынан тыс қалған. Бұл ретте, шарттың 13.1-тармағы орындалмаған.

5) Шарт бойынша жекеше әріптес тарапынан тоқсан сайын мемлекеттік әріптеске есеп ұсынбаған, Спорт басқармасы тарапынан мониторинг                      2020-2022 жылдардағы және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында жүргізілмеген. Бұл ретте, шарттың13.4-тармағыорындалмаған.

6)  2020, 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылдығында 381 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «түпкілікті нәтиже» көрсеткіштері анық, айқын және нақты болып, сондай-ақ абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетіліп, бекітілмеген. Оның орнына, түпкілікті нәтиже көрсеткіштері бюджеттiк бағдарламаның мақсаты немесе сипаттамасы (негіздемесі) сияқты көрсетілген. Яғни, сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері жоспарланбаған.Сәйкесінше бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын бағалау мүмкіндігі болмады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                     2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар» №195 бұйрығының 8-тармағы 8)тармақшасының талаптары сақталмаған.

7) Спорт басқармасы тарапынан жыл сайынғы есепті                                           2020, 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында ұсынбаған, яғни МЖӘ жобасына қатысты тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық Экономика басқармасына ұсынылмаған, ал жылдық есеп 7-қосымша үлгісінде (кесте түрінде) ұсынылған. Жыл сайынғы есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей МЖӘ жобасының іске асырылуына мониторингтеу жөніндегі ақпаратты әзірлеп ұсынбаған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 9 тарау, 248 тармағы сақталмаған.

8) МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін  мониторинг бойынша және жасалған шарттар бойынша ақпарат пайдаланылады. 2020, 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылдығында мониторинг бойынша ақпарат жасалмағандықтан, МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 9 тарау, 255 тармағының «МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың нәтижелерін МЖӘ орталығы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жылына үш рет жібереді» — деген талабы сақталмаған.

9) «Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)» деген жолда жоспарланатын бюджет қаражатының мемлекеттік органның даму жоспарында немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті дамыту жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланыстылығы ашып көрсетіледі» — делінген. Алайда, 2020, 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылдығында Спорт басқарманың «Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)» деген жолда бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы қайталанады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптары» №195 бұйрығының 8 тармағы 9)тармақшасының талаптары сақталмаған.

10) Мемлекеттік әріптес ретінде Спорт басқарма тарапынан жекешелік әріптестердің шартына қол қойылған сәттен бастап МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тәуекелдерді анықтау бойынша мониторинг жүргізуді 2023 жылғы 1 жартыжылдығында жүзеге асырмаған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 9-қосымшасы 36-тармағының «Мемлекеттік әріптес МЖӘ шартына қол қойылған сәттен бастап МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тәуекелдерді мониторингтеуді жүзеге асырады» — делінген талабы сақталмаған,яғни басқарма тарапынан тәуекелдер мониторингін                  2023 жылғы I-жартыжылдығында жүргізбеген (9-қосымшасы 36-тармақ қағидаға  30.03.2023 жылы енгізілген).

11) Жалпы 2020-2023 жылдар аралығында «Али Спорт» МЖӘ операциялық шығындар үшін орындалған жұмыстардың актілері тапсырылмай тұрып барлығы 94 501,0 мың теңге қаржы алдын ала аударылған, оның ішінде жылдар бөлінісі бойынша:

2020 жылғы төлемдер бойынша қаржыландыру жеке жоспарына сәйкес «Али спорт» балалар жасөспірімдер спорт мектебінің  желтоқсан айына жоспарланған 8016,0 мың теңге қаржысы 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №3819851/20-693 төлем тапсырмамен «Ж.Куттыбеков» ЖК-ге  операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып аударылған. Өз кезегінде, «Ж.Куттыбеков» ЖК тарапынан орындалған жұмыстар актісі жалпы сомасы 8 016,0 мың теңгеге Басқармаға 2020 жылы                                     31 желтоқсанда ұсынылған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының, яғни мемлекеттік мекеме: «Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді» және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 215-тармағының  6)тармақшасы «Жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді» — деген талабы сақталмаған 

12) 2021 жылғы операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып жалпы сомасы 38 080,0 мың теңге аударылған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 215-тармағының  6)тармақшасының талабы сақталмаған. 

13) 2022 жылғы операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып жалпы сомасы 48 405,0 мың теңге аударылған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 215-тармағының  6)тармақшасының талабы сақталмаған. 

 «Әли спорт» МЖӘжобасы бойынша қамтылған алаңдардың сәйкестігі, спорттық инвентарьларының санына, сондай–ақ спорт түрлеріне спортшылардың күнделікті қатысуына Басқарманың өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде анықталғаны:

Спорттың 4 түрінен28.09.2023 жылы кестеге сәйкес жалпы 224 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 21 спортшы қатыспаған, 02.10.2023 жылы жалпы                        86 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 1 спортшы қатыспаған, 03.10.2023 жылы жалпы 164 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 16 спортшы тізімде жоқ, жалпы мониторинг жүргізілген үш жұмыс күнде барлығы 38 спортшы қатыспағаны анықталды.

Бұл ретте, Басқарма тарапынан жеке әріптестің міндеттемелерге сәйкес атқарып жатқан жұмыстарына, спортшылардың күнделікті кестеге сәйкес толық қатысуына мониторинг жүргізілмеген.

Жеке әріптес ЖШС «OLYMPIC.KZ» бойынша қамтылған алаңдардың сәйкестігі, спорттық инвентарьларының санына, сондай – ақ  спорт түрлеріне спортшылардың күнделікті қатысуына Басқарманың өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізіліп, спорттың 7 түрінен29.09.2023 жылы кестеге сәйкес жалпы 210 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 52 спортшы қатыспаған, 02.10.2023 жылы жалпы 144 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 45 спортшы қатыспаған, 03.10.2023 жылы жалпы 194 қатысуы тиіс болса, оның ішінде 32 спортшы қатыспаған, жалпы мониторинг жүргізілген үш жұмыс күнде барлығы 129 спортшы қатыспағаны анықталды.  

Қорытындылай келе, осы жоба жаңадан ашылып 2023 жылдан бастап жүзеге асырылу үстінде. Алайда, жобаны алдағы уақытта жандандыру, дамыту мақсатында жасөспірімдерді тарту, шақыру бағытында жарнамалық жұмыстарды күшейту, спортшыларды шақыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Өз кезегінде жоба бойынша ғимараттың қашықта, яғни қаланың сыртында орналасуын ескере отырып Басқарма тарапынан жеке әріптестің бекітілген кестесіне сәйкес (мысалы Шығыс мөлтек ауданынан) спортшыларды күнделікті көлікпен тасымалдауына, сонымен қатар іргелес орналасқан мектептерден спортшылардың күнделікті келуіне тұрақты түрде қадағалау жұмыстарын жүргізу қажет.

Көлік басқармасы бойынша:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі 93 003,0 мың тенгені құрады.

Қазақстан Республикасында автоматтандырылған қалалық велопрокат жүйесі 2014 жылы Астана қаласында іске қосылған және бүгінгі таңда үш ірі қалада іске асырылуда, атап айтқанда: «Astana bike» (Астана қаласы), «Almaty bike» (Алматы қаласы), «Shymkent bike» (Шымкент қаласы).

Сондай-ақ, үш қала бойынша станциялар саны 420 бірлікті, ал пайдаланушылар саны 2018 жылы 9002 адамды құраған (Алматы қаласы            4000 адам, Астана қаласы 3475 адам, Шымкент қаласы 1527 адам).

 Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 13 қарашадағы №70/640-6с шешіміне сәйкес, «Шымкент қаласында «Shymkent Bike» автоматтандырылған қалалық велопрокат жүйесін пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша, 2020-2025 жылдарға 176 948,0 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттемесі қабылданып, Басқарма мен «Velocity.kz» қоғамдық қоры арасында 2020 жылғы 16 қарашада №1/348/0 келісім шарты жасалған.

Мемлекеттік аудит қорытындысы жүйелі кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау барысында Көлік басқармасы тарапынан  тиісті  мониторинг пен бақылаудың  жоқтығын көрсетеді.

Осы факторлар жалпы бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау 176 948,0 мың теңге құрайтын бұзушылықтарға алып келді, атап айтқанда:

Жеке әріптес жоба бойынша 5 жыл көлемінде велопрокат жүйесін пайдалануды іске асыру бойынша қызмет көрсету сапасын және тиімді басқаруға жауапкершілік алған. Алайда, жеке әріптес тарапынан велотасымалдау схемасы қарастырылмаған, веложол белгілері орнатылмаған, велосипедистің қауіпсіздігі қаралмаған, сапалы қызмет көрсетудің төмен деңгейінің салдарынан тұтынушылар санының қарқыны азайып велопрокатты қолдану тиімділігі төмендеген, өз кезегінде, тиімділігінің төмендеуіне қаланың географиялық орналасуы мен көшелердегі веложолақтардың аздығы да кері әсерін тигізген.

Сондай-ақ, жобаны іске асыру барысында көлік желісіне жүктеменің азайуына, қалалық көлік инфрақұрылымының дамуына, кептелістердің азайуына, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтының таралуына септігін тигізбеуде. Жеке әріптес жоба бойынша велопракат жүйесін пайдалануды іске асыруда қызмет көрсету сапасын және тиімді басқаруға алған жауапкершілігін орындамауда, жүргізілген талдау нәтижесімен аталған жобаға қаралған 176 948,0 мың теңге тиімсіз жоспарланғаны анықталды.

Бұл ретте, Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4)тармақшасы, 4-бабы 9)тармақшасының; 12)тармақшасының; 13)тармақшасының; 14)тармақшасының «тиімділік қағидаты» бұзу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3)тармақшасының талабы сақталмаған.  

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 23 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 18 бірлікті құрады. Атап айтқанда:

1)Көлік басқармасы тарапынан Жеке әріптеске мониторинг                                                  2020, 2021, 2022 жылдарда жүргізілмеген. Бұл ретте, келісім шарттың 9.3 тармақ:«Күтіп ұстау сатысында инфрақұрылымның техникалық күйін бақылауын Мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады, негізінде мыналарды: 3)жұмыстардың сапасының; 4)көлемдердің, сапаның сәйкестігінің; 5)жобалау-сметалық құжаттаманың, нормативтерге сәйкестігінің; 7)ақауларды уақытында жою» — деген тармақтарының талаптары сақталмаған.  

2)Көлік басқармасына Жеке әріптес тарапынан 2020, 2021, 2022 жылдарда және 2023 жылдың жартыжылдығы аралығында есептіліктер ұсынылмаған. Бұл ретте, келісім шарттың 23.3 тармақ:Жекеше әріптес Мемлекеттік әріптеске келісім шарт бойынша «Міндеттемелерді орындауы туралы есепті тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейін 10 күнге дейін ұсынады» — деген тармақтарының талаптары сақталмаған.  

3)Жеке әріптес тарапынан 2020 жылы Есеп саясаты әзірленбеген.

Бұл ретте, келісім шарттың 8.2 тармақ:  Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есепке алудың осы шоттары жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктерін негізге ала отырып, Жекеше әріптес «Есеп саясатын қабылдауға міндетті» — деген тармақтарының талаптары сақталмаған. 

4)Жеке әріптес тарапынан 2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың жартыжылдығында Бағдарлама қабылданбаған. Бұл ретте, келісім шарттың 9.4 тармақ:Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін басқару бойынша, оның ішінде «Персоналды басқаруды, тәуекелдерді басқаруды, сапаны басқаруды, қаржыларды басқаруды, ресурстарды басқаруды қамтитын бағдарламасы болуы тиіс» — деген тармақтары сақталмай бағдарлама қабылданбаған.  

 5)Көлік басқармасы тарапынан жыл сайынғы есепті                                           2020, 2021, 2022 жылдарда және тоқсандық есептер 2023 жылыдың I-жартыжылдығында ұсынбаған, яғни МЖӘ жобасына қатысты тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық Экономика басқармасына ұсынылмаған, ал жылдық есеп 7-қосымша үлгісінде (кесте түрінде) ұсынылған. Жыл сайынғы есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей МЖӘ жобасының іске асырылуына мониторингтеу жөніндегі ақпаратты әзірлеп ұсынбаған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 9 тарау, 248 тармағы сақталмаған.

6) Көлік басқармасы тарапынан 2021, 2022 жылдардағы және 2023 жылдың I-жартыжылына мониторинг бойынша ақпарат жасалмағандықтан, МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығының 9 тарау, 255 тармағыныңталаптары сақталмаған. 

2020,2021,2022 жылдардағы және 2023 жылғы 1 жартыжылдықта 348 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері қайталанған. Сәйкесінше бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын бағалау мүмкіндігі болмады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағы 14)тармақшасының талаптары сақталмаған.

Энергетика басқармасы бойынша:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі 3 924 249,0 мың тенгені құрады.

Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы №2/9-VII шешіміне сәйкес, «Шымкент қаласының сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану»мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2021-2027 жылдарға 16 411 988,0 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттемесі қабылданып, Басқарма мен «ABM-duilding 2007» ЖШС («ABM-duilding 2007» ЖШС, «ABM-Service» ЖШС, «ABM-Project» ЖШС құрамындағы консорциум) арасында 2021 жылғы 22 ақпанда №1/371/1 келісім шарты жасалған.

Мемлекеттік аудит қорытындысы жүйелі кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау барысында Энергетика басқармасы тарапынан  тиісті  мониторинг пен бақылаудың  жоқтығын көрсетеді.

Осы факторлар жалпы бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау 10 588 367,2 мың теңге құрайтын бұзушылықтарға алып келген, атап айтқанда:

Инвестициялық шығындарды өтеу жоспары дұрыс жоспарланбаған, яғни инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен қаржы көлемі бөлінбеген. Атап айтқанда, жеке әріптес тарапынан қаржыландырылатын инвестициялық шығындар көлемі 10 588 367,2 мың теңге қаржы бес жылға тең үлеспен бөлгенде жылына 2 117 673,4 мың теңге болуы тиіс. Ал, келісім шарттағы инвестициялық шығындар 2021 жылға 0,0 мың теңге, 2022 жылға 1 176 485,0 мың теңге,                     2023 жылға 2 352 970,0 мың теңге, 2024 жылға 3 529 456,0 мың теңге,                 2025 жылға 2 352 970,0 мың теңге, 2026 жылға 1 176 486,0 мың теңге,                   2027 жылға 0,0 мың теңге бөлінген.

Ал, инвестициялық шығындардың өтемақысын өтеу жылына тең үлестермен бөлінбеген және объект пайдалануға берілгеннен кейін өтелуі тиіс. Сонымен қатар, 2022 жылы (1 176 484,9мың теңге) және 2023 жылғы                              1-жартыжылдықта (1 470 607,0 мың теңге) барлығы 2 647 091,9 мың теңге қаржы Басқарма тарапынан инвестициялық шығындар өтелген. Сондай-ақ, Басқарманың 309 096 015 (812-ерекшелік, инвестициялық шығындарды өтеу) бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 10 588 367,2 мың теңге инвестициялық шығындарды өтеу қаржысы 2021-2027 жылдарға арналған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде негізділік принципінің сақталмауына жол беріліп, яғни бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын айғақтайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9-бабы 4-тармағының (02.01.2021ж. №399-VI енгізілген өзгеріс), Бюджет кодексінің 3-бабы                             1-тармағы 12-4)тармақшасының, 4-бабы 9)тармақшасының; 12)тармақшасының; 13)тармақшасының; 14)тармақшасының талабы сақталмаған және 104-1-бабына   сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 13 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 11 бірлікті құрады. Атап айтқанда:

1) 2021, 2022 жылдар және 2023 жылғы 1-жартыжылдықта жеке әріптес тарапынан ай сайынғы есептерді ұсынбаған. Бұл ретте, 2021 жылғы 22 ақпандағы №1/371/1 бастапқы шарттың 13.12-тармағында «Жекеше әріптес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күніне дейін мемлекеттік әріптеске жүзеге асырылатын қызмет бойынша ақпаратты және шартта және заңнамада талап етілетін есептерді ұсынады» — деген тармағы орындалмаған.  

2) Энергетика басқармасы мен жеке әріптес арасында түзілген бастапқы келісім шарт қазынашылық департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірдегі №5909828 нөмірмен кеш тіркелген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығының 880 тармағының талабы сақталмаған,яғни бастапқы келісім шарт бір айдан астам кешіктіріліп тіркелген.

3) Энергетика басқармасы тарапынан жыл сайынғы есепті                                  2021, 2022 жылдардағы және тоқсандық есептер 2023 жылыдың I-жартыжылдығында ұсынбаған, тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық экономика басқармасына ұсынылмаған, ал жылдық есеп 7-қосымша үлгісінде (кесте түрінде) ұсынылған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 9 тарау, 248 тармағытолық орындалмаған.  

4) МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін  мониторинг бойынша және жасалған шарттар бойынша ақпарат пайдаланылады. 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылына МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 9 тарау, 255 тармағының талабы сақталмаған. 

5)2021, 2022 жылдардағы 371 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «тікелей нәтиже» көрсеткіштері абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетілмеген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағы 14)тармақшасының талаптары сақталмаған.  

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы  25 қарашадағы №724 бұйрығымен бекітілгенүлгілік стандарттың                                    15-қосымшасының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік- жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты» — талаптары сақталмаған («Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар» деген 29- тармағы келісім шартқа енгізілмеген; 3-кестесі «Қаржы экономикалық жоспар» — деген тақырыбы енгізілмеген; 5-кестесі «Мүліктік кешен» — деген тақырыбы енгізілмеген.

2.3.Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау

Шымкент қаласында жергілікті деңгейде жалпы құны 129 525 841,0 мың теңге болатын 59 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы 2017-2031 жылдар аралығына қаралып іске асырылуда. МЖӘ жобаларының ең көп саны білім беру саласында 21 жоба немесе олардың жалпы санының 36%, 12 жоба мекен-жайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату бойынша, 6 жоба денсаулық сақтау саласында, 6 жоба спорт саласында, 6 жоба магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша, 1 жоба төтенше жағдайлардың алдын алу саласында, 1 жоба қаланы жарықтандыру саласында, 1 жоба көлік инфрақұрылымын дамыту саласында жасалған.

Жалпы 59 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жергілікті бюджеттің жүктемесін төмендету мақсатында мемлекеттік міндеттемелерді қажет етпейтін 22 жоба (білім саласында 19 жоба, денсаулық сақтау 3 жоба) қарастырылған, жалпы 2 236 259,0 мың теңге инвестиция тартылған.

МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін қалыптастыруды талдау көрсеткендей, бюджеттен барынша толық өтеумен инвестициялар тарту үшін қолданыстағы лимиттерді пайдалану бойынша жұмыс жүргізілген. 

 III. Қорытынды бөлік.

          3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар

Мемлекеттік аудиттің нәтижелері Басқармалардың алдына қойылған міндеттер мен функцияларды әзірлеу, үйлестіру және іске асыру  процесінде  жауаптылықтың жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетті.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамау салдарынан тиімсіз жоспарлануы жалпы сомасы 89 994 713,4 мың теңгені құрайтын, оның ішінде 5 аудан әкімдігің 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша барлығы 2 800 734,2 мың теңге  бұзушылықтар анықталды.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 87 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 72 бірлікті құрады.

Тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы.

Бюджеттен бөлінген қаржы тиімді пайдаланылмаған. Бюджеттік және де өзгеде заңнамалардың талаптарының сақталуына тиісті бақылау жүргізілмеген. Осының салдарынан бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған бюджет қаражаты жіберілген кемшіліктердің салдарынан тиімсіз жоспарланған. 

Экономика басқармасы:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларындағы міндеттемелердің орындалуына жүргізілген мониторингі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілердің ұсынған мәліметтері (7-қосымша) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Бірақ, 2019-2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылдығында тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге ұсынылмаған, яғни ақпарат толық емес ұсынылған.

2019-2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылдығында тізімдегі жобалардың 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп жіберілгені айқындалды.

Шымкент қаласында дендрологиялық жоспар және көгалдандыру бойынша жұмыстардың барлық түрлері бекітілмеген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығының талаптары сақталмаған, яғни Шымкент қаласы бойынша дендрологиялық жоспар және елді мекендерінің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау бойынша қағидасы 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 34/315-4с санды Шымкент қалалық мәслихатының шешіміміен күшін жойылғалы беру бүгінгі күнге дейін бекітілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы» №710 қаулысының қосымшасының 1 және 7-тармақтарының нормаларын сақтамай, Шымкент қаласы әкімдігінің 13.06.2023 жылғы №1415 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін бекіту туралы» қаулысының қосымшада 17-тармақта «Абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» бекітілген.  

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңының, Кәсіпкерлік кодекстің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы қарашадағы №710 қаулысының қосымшасының 1 және 7-тармақтарының талаптары мен нормалары сақталмай мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін беруге жатпайтын жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған, оның ішінде 2023 жылғы I-жартыжылдықта 3 506 467,0 мың теңге қаржыландырылған. 

Спорт басқармасы:

Спорт басқармасы мен жеке әріптес ЖК «Ж.Куттыбеков» арасында (бастапқы) 2020 жылғы 30 қыркүйекте №1/381/4 түзілген келісім шарт қазынашылық департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №5715344 нөмірмен кеш тіркелген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабының 6), 12), 13)-тармақшаларының нәтижелілік, тиімділік, қағидаттарының және жауапкершілік принциптерінің талаптары сақталмай 8 016,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған.

Басқарма мен жеке әріптес ЖШС «OLYMPIC.KZ» арасында келісім шарт 2022 жылғы 30 желтоқсанда №1/381/6/32 түзілген. Сондай-ақ, 2023 жылы                       10 ақпанда №025901/23-001 куәлікке сәйкес қалалық қазынашылық департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде №7119678 нөмірмен бастапқы келісім шарт кеш тіркелген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабының 6), 12), 13)-тармақшаларының нәтижелілік, тиімділік, қағидаттарының және жауапкершілік принциптерінің талаптары сақталмай 18 947,0 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған.

2020, 2021, 2022жылдар және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында жеке әріптес тарапынан кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бекітіліп ұсынылмаған.

Спорт басқармасы тарапынан 2020-2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылдығында МЖӘ шарты бойынша ай сайын міндеттемелердің орындалуы бойынша есеп тапсырылғаннан кейін операциялық шығындары өтеп отырған, яғни жеке әріптеске операциялық шығындарды өтеу үшін айсайынғы қаржыларды аударып отырудан басқа шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес орындалуын бақылау басқарманың назарынан тыс қалған.

Шарт бойынша жекеше әріптес тарапынан тоқсан сайын мемлекеттік әріптеске есеп ұсынбаған, Спорт Басқармасы тарапынан мониторинг                                              2020, 2021, 2022 жылдарда және 2023 жылдың                                                      I-жартыжылдығында жүргізілмеген.

Мемлекеттік әріптес ретінде Басқарма тарапынан жекешелік әріптестердің шартына қол қойылған сәттен бастап МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тәуекелдерді анықтау бойынша мониторинг жүргізуді 2023 жылғы 1 жартыжылдығында жүзеге асырмаған.

2020 жылғы төлемдер бойынша қаржыландыру жеке жоспарына сәйкес «Али спорт» балалар жасөспірімдер спорт мектебінің  желтоқсан айына жоспарланған 8016,0 мың теңге қаржысы 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №3819851/20-693 төлем тапсырмамен «Ж.Куттыбеков» ЖК-ге  операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып аударылған. Өз кезегінде, «Ж.Куттыбеков» ЖК тарапынан орындалған жұмыстар актісі жалпы сомасы 8016,0 мың теңгеге басқармаға 2020 жылы 31 желтоқсандағы ұсынылған.

2021 жылғы операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып жалпы сомасы 38 080,0 мың теңге аударылған.

2022 жылғы операциялық шығындар үшін алдын ала орындалған жұмыстар актісі тапсырылмай тұрып жалпы сомасы 48 405,0 мың теңге аударылған.

Көлік басқармасы:

Жеке әріптес жоба бойынша 5 жыл көлемінде велопрокат жүйесін пайдалануды іске асыру бойынша қызмет көрсету сапасын және тиімді басқаруға жауапкершілік алған. Алайда, жеке әріптес тарапынан велотасымалдау схемасы қарастырылмаған, веложол белгілері орнатылмаған, велосипедистің қауіпсіздігі қаралмаған, сапалы қызмет көрсетудің төмен деңгейінің салдарынан тұтынушылар санының қарқыны азайып велопрокатты қолдану тиімділігі төмендеген, өз кезегінде, тиімділігінің төмендеуіне қаланың географиялық орналасуы мен көшелердегі веложолақтардың аздығы да кері әсерін тигізген. Сондай-ақ, жобаны іске асыру барысында көлік желісіне жүктеменің азайуына, қалалық көлік инфрақұрылымының дамуына, кептелістердің азайуына, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтының таралуына септігін тигізбеген. Жеке әріптес жоба бойынша велопракат жүйесін пайдалануды іске асыруда қызмет көрсету сапасын және тиімді басқаруға алған жауапкершілігін орындамауда. Жүргізілген талдау нәтижесімен аталған жобаға қаралған 176 948,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

Көлік басқармасы тарапынан Жеке әріптеске мониторинг                                                  2020, 2021, 2022 жылдары жүргізілмеген.

Көлік басқармасына Жеке әріптес тарапынан 2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың жартыжылдығы аралығында есептіліктер ұсынылмаған.

Жеке әріптес тарапынан 2020 жылы Есеп саясаты әзірленбеген.

Жеке әріптес тарапынан 2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың жартыжылдығында Бағдарлама қабылданбаған.

Энергетика басқармасы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы  25 қарашадағы №724 бұйрығымен бекітілгенүлгілік стандарттың                                    15-қосымшасының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік- жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты» — талаптары сақталмаған («Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар» деген 29- тармағы келісім шартқа енгізілмеген; 3-кестесі «Қаржы экономикалық жоспар» — деген тақырыбы енгізілмеген; 5-кестесі «Мүліктік кешен» — деген тақырыбы енгізілмеген.

2021, 2022 жылдар және 2023 жылғы 1-жартыжылдықта жеке әріптес тарапынан ай сайынғы есептерді ұсынбаған.

Энергетика басқармасы мен жеке әріптес арасында түзілген бастапқы келісім шарт қазынашылық департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірдегі №5909828 нөмірмен кеш тіркелген. Яғни бастапқы келісім шарт бір айдан астам кешіктіріліп тіркелеген.

Инвестициялық шығындарды өтеу жоспары дұрыс жоспарланбаған, яғни инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен қаржы көлемі бөлінбеген. Атап айтқанда, жеке әріптес тарапынан қаржыландырылатын инвестициялық шығындар көлемі 10 588 367,2 мың теңге қаржы бес жылға тең үлеспен бөлгенде жылына 2 117 673,4 мың теңге болуы тиіс. Ал, келісім шарттағы инвестициялық шығындар 2021 жылға 0,0 мың теңге, 2022 жылға 1 176 485,0 мың теңге,                     2023 жылға 2 352 970,0 мың теңге, 2024 жылға 3 529 456,0 мың теңге,                 2025 жылға 2 352 970,0 мың теңге, 2026 жылға 1 176 486,0 мың теңге,                   2027 жылға 0,0 мың теңге бөлінген.

Ал, инвестициялық шығындардың өтемақысын өтеу жылына тең үлестермен бөлінбеген және объект пайдалануға берілгеннен кейін өтелуі тиіс. Сонымен қатар, 2022 жылы (1 176 484,9мың теңге) және 2023 жылғы                              1-жартыжылдықта (1 470 607,0 мың теңге) барлығы 2 647 091,9 мың теңге қаржы Басқарма тарапынан инвестициялық шығындар өтелген. Сондай-ақ, Басқарманың 309 096 015 (812-ерекшелік, инвестициялық шығындарды өтеу) бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 10 588 367,2 мың теңге инвестициялық шығындарды өтеу қаржысы 2021-2027 жылдарға арналған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде негізділік принципінің сақталмауына жол беріліп, яғни бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланған.

Нәтижелілік – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі  және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей,түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Спорт басқармасы:

2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында  Басқарманың «Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)» деген жолда бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы қайталанады.

Басқарма тарапынан жыл сайынғы есепті 2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылыдың I-жартыжылдығында ұсынбаған, яғни МЖӘ жобасына қатысты тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық экономика басқармасына ұсынылмаған, ал жылдық есеп 7-қосымша үлгісінде (кесте түрінде) ұсынылған. Жыл сайынғы есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей МЖӘ жобасының іске асырылуына мониторингтеу жөніндегі ақпаратты әзірлеп ұсынбаған.

МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін  мониторинг бойынша және жасалған шарттар бойынша ақпарат пайдаланылады. 2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылдығында мониторинг бойынша ақпарат жасалмағандықтан, МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген.

2020, 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың I-жартыжылдығында 381 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «түпкілікті нәтиже» көрсеткіштері анық, айқын және нақты болып, сондай-ақ абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетіліп, бекітілмеген. Оның орнына, түпкілікті нәтиже көрсеткіштері бюджеттiк бағдарламаның мақсаты немесе сипаттамасы (негіздемесі) сияқты көрсетілген. Яғни, сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері жоспарланбаған. Сәйкесінше бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын бағалау мүмкіндігі болмады.

Көлік басқармасы:

Көлік басқармасы тарапынан жыл сайынғы есепті 2020, 2021, 2022 жылдар және тоқсандық есептер 2023 жылғы I-жартыжылдықта ұсынбаған, яғни МЖӘ жобасына қатысты түсіндірме жазбалармен бірге қалалық экономика басқармасына ұсынылмаған.

Көлік басқармасы тарапынан 2021, 2022 жылдар және 2023 жылдың                    I-жартыжылына мониторинг бойынша ақпарат жасалмағандықтан, МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген.

2020,2021,2022 жылдар және 2023 жылғы 1 жартыжылдықта 348 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері қайталанған. Сәйкесінше бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын бағалау мүмкіндігі болмады.

Энергетика басқармасы:

Энергетика басқармасы тарапынан жыл сайынғы есепті                           2021, 2022 жылдары ұсынбаған, тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық экономика басқармасына ұсынылмаған, ал жылдық есеп 7-қосымша үлгісінде (кесте түрінде) ұсынылған. Жыл сайынғы есепті               2023 жылғы I-жартыжылдықта ұсынбаған, яғни МЖӘ жобасына қатысты                  2023 жылы тоқсандық есептер түсіндірме жазбалармен бірге қалалық экономика басқармасына ұсынылмаған.

МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін  мониторинг бойынша және жасалған шарттар бойынша ақпарат пайдаланылады. 2021, 2022 жылдары және 2023 жылдың I-жартыжылына МЖӘ жобаларын іске асырылуына бағалау жүргізілмеген.

 2021, 2022 жылдары 371 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «тікелей нәтиже» көрсеткіштері абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетілмеген.

Жалпы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның, оның ішінде концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау» аудиторлық іс-шараның нәтижесімен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды ескере келе, мемлекеттік аудит объектілері бойынша бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігі жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетті.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның, оның ішінде концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау» аудиторлық іс-шарасының нәтижесі бойынша тексеру комиссиясының отырысында аудиторлық қорытындыны бекітуді ұсынамын.

2. Жоғарыда аталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды ескере келе, Экономика, Спорт, Көлік, Энергетика басқармалар бойынша бюджет қаражатының пайдалану тиімділігі төмен деңгейде деп танылсын.

3. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларына және тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және алдағы уақытта бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлауға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамалары ұсынылсын:

1. «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

1) 2023-2028 жылдарға қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мемлекеттік міндеттемелері «Магистральдық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» бойынша 6 жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыруға жатпауына байланысты экономикалық қорытынды берген жауапты тұлғаға қолданыстағы заңнама аясында тиісті шара қолдану бойынша жұмыстар атқарылсын;

2) Жоғарыдағы 6 жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыруға жатпауына байланысты жалпы 76 401 701,0 мың теңгеге қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бағдарлама әкімшісімен бірлесе отырып қайта қарау бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын;

3) Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша «Елді мекендердің санитарлық тазалық қызметтердің нақты жеке магистральдық және ішкіорамдық көшелерінің көлемі мен тарифтерін» қайта қарау, бюджет қаржысының алдағы уақытта тиімсіз жоспарлануына жол бермеу мақсатында және жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жұмыстары жүргізілсін.

4) Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметті 2024 жылғы 01 сәуірге дейін, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

2. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

1) «Магистральдық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» бойынша 6 жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыруға жатпауына байланысты 2023-2028 жылдарға қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мемлекеттік міндеттемелері туралы бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен Жеке әріптестер арасында жалпы сомасы 76 401 701,0 мың теңгені құрайтын, оның ішінде 2023 жылғы 10 сәуірдегі №1/303/2/33 («KazStroyCapital LTD» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС), №2/303/3/34 («Таза Өлке» ЖШС),  №3/303/4/35 («Группа интеко» ЖШС), №4/303/5/36 («Жасыл-Жер Шымкент» ЖШС, «Жасыл-Жер» ЖШС, «Zhasyl-Zher Transavto» ЖШС), №5/303/6/37 («Шымкент Спец Комплекс» ЖШС),  №6/303/7/38 («Эталон» жөндеу құрылыс кәсіпорны» ЖШС) түзілген келісім шарттарды қолданыстағы заңнама шеңберінде күшін жою және осы келісім шарттарды бұзуға байланысты тиісті жұмыстар атқарылсын;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығына сәйкес дендрологиялық жоспар және Шымкент қаласы елді мекендерінің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау бойынша қағидасын бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін;

3) Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметті 2024 жылғы 01 сәуірге дейін, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, бюджеттік және өзге де заңнаманың талаптарын сақтамаған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын;

2) Жол берілген бұзушылықтардың себептерін талдап, бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды одан әрі жою және бюджет қаржысының алдағы уақытта тиімсіз жоспарлануына жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдансын;

3) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жұмыстары және тоқсандық, жылдық есептерді жолдау нормативті–құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті салалық уәкілетті органдарға ұсыну жұмыстары жүргізілсін;

4) Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметті 2024 жылғы 01 сәуірге дейін,  Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

4. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, бюджеттік және өзге де заңнаманың талаптарын сақтамаған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын;

2) Жол берілген бұзушылықтардың себептерін талдап, бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды одан әрі жою және бюджет қаржысының алдағы уақытта тиімсіз жоспарлануына жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдансын;

3) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жұмыстары және тоқсандық, жылдық есептерді жолдау нормативті–құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті салалық уәкілетті органдарға ұсыну жұмыстары жүргізілсін;

4) Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметті 2024 жылғы 01 сәуірге дейін,  Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

5. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, бюджеттік және өзге де заңнаманың талаптарын сақтамаған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын;

2) Жол берілген бұзушылықтардың себептерін талдап, бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды одан әрі жою және бюджет қаржысының алдағы уақытта тиімсіз жоспарлануына жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдансын;

3) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жұмыстары және тоқсандық, жылдық есептерді жолдау нормативті–құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті салалық уәкілетті органдарға ұсыну жұмыстары жүргізілсін;

4) Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметті 2024 жылғы 01 сәуірге дейін, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

5. Аудиторлық қорытынды бойынша Шымкент қаласы әкімідігіне ақпарат жолдансын.

6. Тиісті құжаттар құқық қорғау органдарына жолдансын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық кестені, жиынтық тізілімі______ парақта тіркелді.

Тексеру комиссиясының мүшесі                                   А. Балықбаев

Мемлекеттік аудит бөлімінің

бас инспекторы – мемлекеттік аудитор

топ жетекшісі                                                                       А. Утебаев

Мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудиторы,                                               

Заң кенесшісінің м.а.                                                          Н. Омаров

Жоспарлау және талдау

бөлімінің бас инспектор                                                     Г. Елшибаев

Мемлекеттік аудит бөлімінің 

бас инспекторы – мемлекеттік аудитор                        Н. Джакипов

Мемлекеттік аудит бөлімінің 

бас инспекторы — мемлекеттік аудитор                          Г.Бармакова  

Мемлекеттік аудит бөлімінің  

бас инспекторы — мемлекеттік аудитор                          Ш. Сариева

Мемлекеттік аудит бөлімінің 

бас инспекторы — мемлекеттік аудитор                           Д. Кенже