Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы №43 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 1.2-тармағында көзделген, атап айтқанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін,мемлекеттік кірістер органының мамандары арнайы кездесуге шақыртылып, декларацияны ұсыну бойынша және ұсыну барысында туындаған барлық сұрақтарға жауптар берілді.
Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларациясы» туралы есептілікті мерзімінде ұсыну және тапсырылған туралы анықтамаларды персоналды басқару қызметіне жолдау тапсырылды.
