
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясында «2023 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасы нәтижесі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастырып, тапсырыу барысында анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының жауапты қызметкерлері және Шымкент қаласының қаржы басқармасы, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Шымкент қаласының Еңбекші мен Тұран ауданы әкімдіктерінің басшылары мен басқа да аудит объектілерінің жауапты қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндіріліп, қатысушылар мен жүргізушілердің арасында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Дөңгелек үстелді Тексеру комиссиясының мүшесі А. Балықбаев жүргізді, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.