«Дөңгелек үстел» Заңнамалардың қолдану тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Аль-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары А.Жунусбаев мен жауапты қызметкерлер қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар арасында салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы және дұрыстығына мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Омаров