Дөңгелек үстел өткізілді

2024 жылғы 12 қарашада Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына  Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Балықбаев, мемлекеттік аудит тобы және 6 аудит объектілернің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне келешекте кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында іс-шараларды орындау бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.