«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша «Шымкент қаласы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі,  «Шымкент қаласы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудитпен қамтылды.

Аудитпен 01.01.2018 жыл мен 01.06.2024 жыл кезең аралығында аудиторлық іс-шарамен қамтылған 6 бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген бюджеттік кредиттер мен облигациялық борыштар және келісім шарттардағы белгіленген кестеге сәйкес бюджетке қайтарылу жоспарланған қаржы көлемі 251 775 400,0 мың теңге қамтылды.

Жалпы жүргізілген іс-шара қорытындысымен 99 629 925,8 мың теңге бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • 99 113 524,0 мың теңге тиімсіз жоспарлануға жол берілген;
  • 70 450,0 мың теңге қаржылық бұзушылық орын алған, оның ішінде 56 360,0 мың теңге мақсатсыз жұмсалған және 25% айыппұл бюджетке өтеуге жататын қаржы 14 090,0 мың теңгені құрайды;
  • 445 951,8 мың теңге кредит өтеу кестеге сәйкес бюджетке қайтарылмаған, оның ішінде негізгі кредит 369 456,9 мың теңге және әрбір кешіктірілген күн үшін өсімақы 76 494,9 мың теңге.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша 2020 жылы Ұлттық экономика министрлігінің жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері белгіленген көлемде сақталмаған.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан нұсқамалар мен үзінді көшірмелер жіберілді.

 

 

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             А. Балықбаев