Дөңгелек үстел өткізілді.

2024 жылғы 14 қарашада «Шымкент қалалық мәслихатының бюджетінен бөлінген қаражатты мақсатына қарай пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізу»аудиторлық іс-шарасын тексеру нәтижелері бойынша Шымкент қаласының тексеру комиссиясы өткізген аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел отырысына Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Н.Әбдезов, мемлекеттік аудит тобының мүшелері және тексерілетін аудит объектісінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне болашақта кемшіліктердің алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шараларды орындау бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.