Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Жануарларды қорғау, оның ішінде панасыз жануарларды аулау, ату, оларды зарарсыздандыру, вакцинациялау, уақытша ұстау, өлтіру және сою туралы нормаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалануын талдау» сараптамалық — талдау іс шарасының нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Сәдібеков, тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары және Шымкент қаласы «Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары К. Базарбеков және басқармаға бағынысты мекеменің басшылары, өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдалану, жоспарлау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жиын барысында 2021-2024 жылдары бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға жол берілгендігі туралы мәселелер талқыға салынды.
Алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу, оның алдын алу, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жоспарлануына бақылауды күшейту жөнінде айтылған ұсыныстар дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қолдау тапты.