Пресс-Релиз «2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

«2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс шара бойынша 01.01.2024-31.12.2024 аралығында аудитпен «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» ММ және үстеме тексерумен «Шымкент қаласының Құрылыс басқармасы» ММ мен «Шымкент қаласының Аль Фараби ауданы әкімінің аппараты» ММ қамтылды.
Аудит барысында жалпы 20437137,9 мың теңге қаржылық бұзушылық, 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде жалпы есеп бойынша қалпына келтірілуі тиіс 20426157,8 мың теңгенің аудит барысында 20240670,5 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтірілді және жалпы өндірілуі тиіс 10980,1 мың теңгенің аудит барысында 4885,7 мың теңгесі бюджетке өндірілді.
Аудит барысында 2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікке бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 2024 жыл ішінде дебиторлық және кредиторлық берешектердің бухгалтерлік есептлікте көрсетпеу мақсатында бухгалтерлік операциялар жасалғандығы анықталды.
Бұзушылық жіберген лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырып, әкімшілік жауапкершіліктерге тарту үшін Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне материалдар жолданды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды.