Пресс-Релиз
«Шымкент қаласы бюджетін 2024 жылға жоспарлау мен орындалуы тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша
АҚПАРАТ
«Шымкент қаласы бюджетін 2024 жылға жоспарлау мен орындалуы тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен жалпы 63 772 771,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған, оның ішінде ағымдағы шығыстар 54 927 640,0 мың теңге және даму бюджеті 8 845 131,0 мың теңге.
Сонымен қатар, 2 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама жолданды.