«Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Пресс-Релиз

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде  2021 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде тиімділігі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін салықтық әкімшілендіру қызметін бағалау және талдау, салықтық түсімдердің және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына. Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының сақталуын бағалауға мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша салық және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 13 хабарлама бойынша аудит барысында 101 533,8 мың теңге сомаға өтелді.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы отырысының тиісті қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітіліп, «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне белгілі болған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру, тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарастыру, заң талаптарының сақталуына бойынша нұсқама жолданды.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      Н.Омаров