Аудиторлық іс-шарамен бір мемлекеттік аудит объектісі «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»мемлекеттік мекемесі қамтылды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен тиімсіз жоспарланған, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты анықталды және 7 бірлік рәсімдік бұзушылық анықталды.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқама жолданды.


