Аудиторлық іс-шарамен жалпы 6 мемлекеттік аудит объектісі, оның ішінде 2 мемлекеттік мекеме, 4 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, аудит объектілері қамтылды.
Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаты жалпы 10 275,0 млн. теңгені құрады, анықталған бұзушылықтың сомасы 3 497,0 млн. тенгені құрады немесе (34%), оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 2 676,6 млн. теңгені құрады, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңы мен бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптары сақталмау салдарынан — 2 668,3 млн. теңгені құраса, өтелуге жататын – 8,3 млн. теңгенің 7,9 млн. теңгесі аудит барысында бюджетке өтелді,
Мемлекеттік аудит барысында өтелген қаржы көлемі 7,9 млн теңге.
Жалпы қалпына келтірілетін қаржының қалдығы 2 668,3 млн. теңгені құраса өтелуі тиіс соманың қалдығы 0,4 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар, 758,6 млн. теңге құрады, оның ішінде 2022 жылы – 119,9 млн. теңге, 2024 жылы 638,7 млн. теңгені құраған көлеміндегі бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылғандығы анықталды.
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 57 бірлікті (оның ішінде 2021 жылы 15 бірлік, 2022 жылы 19 бірлік, 2023 жылы 13 бірлік және 2024 жылы 10 бірлік) құрады.
Жалпы 8,3 млн. теңгенің өтелетуге жататын қаржының 7,9 млн теңге мың теңгесі аудит барысында өтелген. Жалпы қалпына келтіруге жататын қаржы 2 668,3 млн теңге.
Сонымен қатар, қағидаға сәйкес, , әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 17 материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Мәдениет саласындағы мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.


