«Дөңгелек үстел» Заңнамалардың қолдану тәртібі түсіндірілді

 

 

Шымкент қалысының бірқатар мемлекеттік мекемелері басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Мәдениет саласындағы мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»  іс-шарасы бойынша жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Баяндамашы алдағы уақытта жоғарыдағы кемшіліктерді  болдырмау мақсатында, «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына» бағынысты мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өзінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бюджетті жоспарлау және орындалуы барысында жиі кездесетін кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                           А.Балыкбаев