«Шымкент қаласы бойынша ҚМЖ және ЖСҚ аяқталмаған жобалар, сондай-ақ коммуналдық меншікке берілген проблемалық объектілер бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу» сараптамалық-талдау нәтижелері бойынша жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлерімен алқа мәжілісі өткізілді.
Алқа мәжілісіне тексеру комиссиясының мүшелері, мемлететтік аудиторлары, «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Алқа мәжілісіні тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков жүргізді және күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Алқа мәжілісінің отырысына қатысушылар бюджетті жоспарлау және орындалуы барысында проблемалық объектілер туралы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков



