«Шымкент қаласы бойынша ҚМЖ және ЖСҚ аяқталмаған жобалар, сондай-ақ коммуналдық меншікке берілген проблемалық объектілер бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу» сараптамалық-талдау нәтижелері бойынша жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері, мемлететтік аудиторлары, «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков жүргізді және күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бюджетті жоспарлау және орындалуы барысында проблемалық объектілер туралы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков



