Аудиторлық іс-шара «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілді. Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен тиімсіз жоспарланған қаржылар, тиімсіз жаратылған қаржылар және экономикалық шығынға алып келген қаржылар анықталды.
«Автобус аялдамалар мен көшелерді күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында нұсқама жолданды.


