«Балаларға қосымша және арнаулы білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануы тиімділігіне ішінара мемлекеттік аудит жүргізу» аудит нәтижесі талқыланды

 

 

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Балаларға қосымша және арнаулы білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануы тиімділігіне ішінара мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек стөлге Шымкент қаласының басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі Н. Омаров