«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын ішінара мемлекеттік аудит іс-шарасын жүргізу» аудит нәтижесі талқыланды

 

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын ішінара мемтекеттік аудит іс-шарасын жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа мәжілісінің отырысына Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Отбасын қолдау орталығы, «№3 арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы, №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және «TEN QOGAM» әлеуметтік қорғау орталығының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Алқа мәжілісі өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков