«Балаларға қосымша және арнаулы білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануы тиімділігіне ішінара мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Шымкент қаласының білім басқармасының «№3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында, Шымкент қаласының білім басқармасының «Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорында және Шымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша барлығы 96 533,2 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде, есеп бойынша қалпына келтірілетін қаржы көлемі 591,0 мың теңге, ал өтелуге жататыны 95 942,2 мың теңге.

Тиімсіз жоспарланған қаржы көлемі 187 863,0 мың теңгені құраса, 15 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы отырысының тиісті қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітіліп, Шымкент қаласының білім басқармасының «№3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына, Шымкент қаласының білім басқармасының «Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорына және Шымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне белгілі болған заң бұзушылықтарды өтелу және қалпына келтіру, тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарастыру, заң талаптарының сақталуына бойынша нұсқама жолданды.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      Н.Омаров