23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясында кәсіби мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілердің міндетіне тоқталып, мемлекеттік аппараттың қызметі адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарына негізделіп, қоғамның бүгінгі талаптарына сай бейімделуі қажеттігін атап өтті және 2026 жылғы 01 шілдеден бастап күшіне енетін Халықтық Конституцияда айқындалған құндылықтарды қоғамдық санада ілгерілетудегі мемлекеттік қызметшілердің рөліне назар аударып, Әділетті Қазақстанды құру жолында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары басшылыққа алынуы тиіс екенін айтты.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет ардагері Омаров Нүркен Зейітханұлы «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.


