Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде тиімділігі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін салықтық әкімшілендіру қызметін бағалау және талдау, салықтық түсімдердің және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына. Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының сақталуын бағалауға мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша салық және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 19 заңды тұлғаның тапсырған немесе қайта тапсырған «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялары» (200.00 нысан) және «Мұнай секторының ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының қол жетімділігін қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» (100.00-нысан)» бойынша салықтар сомасы 347 163,5 мың теңгені құрады және бюджетке толық өндірілді.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы отырысының тиісті қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітіліп, «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» және «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелеріне белгілі болған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру, тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарастыру, заң талаптарының сақталуына бойынша нұсқама жолданды.
Тексеру комиссиясының мүшесі
Н.Омаров


