Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі бойынша заңнама тәртібі түсіндірілді

 

2026 жылғы 04 қарашада Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Қалалық орта білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижелерімен анықталған бұзушылықтардың қорытындысын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібековтің төрағалығымен жүргізіліп, тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобы және аудит объектілерінің, яғни қалалық орта білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде бюджет қаржыларын жоспарлау барысында бюджет жүйесінің нәтижелік, тиімділік, негізділік қағидаттарының және білім саласы бойынша заңнама талаптарының сақталуы, қолдану тәртібі түсіндірілді.

Қатысушылар арасында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және ой пікірлер ортаға салынып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             Ж. Сәдібеков