Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Автобус аялдамалар мен көшелерді күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек стөлге «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары және басқарманың жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.
Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Шымкент қаласы бойынша тексеру
комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков


