Аудит қорытындысы туралы хабарлама

«Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржының пайдалануына, республикалық маңызы бар қала бюджетінің 2020 жылы жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелерінің аудиторлық қорытындысын қарау 2021 жылғы 27 мамыр сағат 10-00-де өтеді. Қаламыздың коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша енгізілген шектеу іс-шараларына сәйкес аудит объектісінің өкілдері отырысқа шақырылмайды.