Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.07.2024 — 19.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.07.2024- 22.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.07.2024- 27.07.2024
Сұхбат: 31.07.2024
Анықтама телефоны: 390033
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас инспектор, D-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау шараларына қатысу; барлық аудит материалдарының сапа бақылауымен қамтылуын қамтамасыз ету; аудиторлық есептердің және аудит бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жасалатын басқа да құжаттардың белгіленген талаптарға, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігін, жоспарланған мәселелерді қамтудың толықтығын, анықтығы мен объективтілігін, құжаттамалық және заңды негізділігін талдау, сондай-ақ заңнама мен басшылықтың басқа да талаптарын орындау; анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, кінәлі адамдарға жауаптылық шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу; аудиторлық қорытындылары мен ұйғарымдарының орындалуын бақылаудан алу туралы жазбаларға талдау жасау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша нормативтікқұқықтық актілерді дайындауға қатысу; Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету; техникалық оқу жоспарын жасау және ұйымдастыру; аудиторлық қорытындылары мен ұсынымдарының орындалуын мониторингілеу; Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы тоқсандық есепті дайындауға қатысу; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де талдамалық материалдарды дайындау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу; бірыңғай дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу; Тексеру комиссиясының интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен интернет-ресурстарын толықтыру және өзектілендіруді жүзеге асыруға қатысу; өзге де функционалдық міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік басқару, менеджмент
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.