«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.06.2024 — 26.06.2024

       Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.06.2024- 29.06.2024                                                                      

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.07.2024- 05.07.2024

Сұхбат: 11.07.2024

Анықтама телефоны: 390033

D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудитор, D-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін алдын ала зерделеу жүргізу; мемлекеттік аудит және бақылау жоспары мен бағдарламасының жобасын жасау. Жергілікті бюджеттің атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу, жергілікті мемлекеттік органдардың жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау бойынша іс-шараларға қатысу және олардың орындалу сапасын қамтамасыз ету; мемлекеттік аудит іс-шаралары бойынша материалдарға талдау жасап, жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу;мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқордың жұмысын қамтамасыз етуге қатысады; Тексеру комиссиясының интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен интернет-ресурстарын толықтыру және өзектілендіруді жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қосымша талаптар:

Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, статистика, әлемдік экономика, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.