Басшылық

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

Нәлібаев Нұржан Абдулла

Нәлібаев Нұржан Абдулла 1970 жылы туылған, білімі жоғары экономист, заңгер. Еңбек жолы «Шымкент аудит» бөлімшесінің ревизор сарапшысы қызметінен бастаған. Мемлекеттік қаржы бақылауы комитетінің ОҚО бойынша басқармасының бас бақылаушы-ревизоры, бөлім басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің жетекші маман-салық инспекторы, ОҚО бойынша салық комитетінің басқармалары мен бөлімдерінде бас маман-бас салық инспекторы, бөлім басшысы, ОҚО бойынша салық департаменті аудит басқармасының басшысы, Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасының басшысы, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ОҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымын атқарған. Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/126-VIII шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

 

 

Сәдібеков Жеңіс Жақсылықұлы 07.05.1975 жылы туылған. Білімі жоғары, экономист-менеджер және заңгер мамандықтары бойынша. Еңбек жолын Қызылорда политехникалық институтында «Агро-өнеркәсіп саласындағы экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті қызметінен бастаған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу басқармасы еңбекті нормалау бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек көші-қоны және шетел жұмыс күшін лицензиялау бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бас маманы, тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі және Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №60/523-6с шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Балыкбаев Айтуар Еркінбекұлы, 1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек жолын ОҚО Ленгір ауданының Буденный атындағы сегіз жылдық мектептің аға пионер-вожатый болып бастаған. ОҚО Ленгір қаласындағы «Луч» тігін фабрикасында аға есепші, ОҚО Төлеби аудандында Қазығұрт совхозында жұмысшы, аға есепші, орталықтың аға диспетчері, ОҚО Төлеби аудандық байланыс бөлімінің аға есепшісі, Ленгір қаласының қаржылық бөлімінің бас тексеруші-инспекторы, бас экономисті, ОҚО Төлеби аудандық қаржылық бөлімінің бас тексеруші-инспекторы, бас экономисті, ОҚО қаржы басқармасының бас тексеруші-инспекторы, Шымкент қаласындағы Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің аға бухгалтері, «Отырар» ЖШС-інің бас бухгалтері, «Шымкент-нан» АҚ бас бухгалтері болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің басқармаларында және бөлімдерінде бас бақылаушы-тексеруші, бас маман бас бақылаушы-тексеруші, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылымдық басқармаларында және бөлімдерінде консультант-мемлекеттік тексеруші, бас сарапшы-бас мемлекеттік тексеруші, бас консультант-бас мемлекеттік тексеруші, бас консультант-бас мемлекеттік бақылаушы, бас консультант-бас мемлекеттік аудиторы, лауазымдарын атқарған. 2019 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болған және Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/127-VIII шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

 

 

Абдезов Нурсултан Алибекович 10.09.1975 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы экономист және заңгер. Жұмыс өтілін Оңтүстік Қазақстан облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорнында бухгалтер қызметінен бастаған. ОҚО бойынша салық және қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған. Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы, ОҚО бойынша салық департаментінің адам ресурстары және ведомстволық бақылау басқармасының бастығы, ОҚО бойынша тексеру комиссиясының бас маман-заң кеңесшісі, заң бөлімінің басшысы, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының №2 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болған және Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/127-VIII шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

 

 

Омаров Нүркен Зейтханұлы, 01.01.1967 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы ауыл шаруашылығын жоспарлау және құқықтану. Жұмыс өтілін Көкарал б/ш басқармасының есепшісі, Байарыстан ӨК бас есепшісі қызметінен бастаған. ОҚО бойынша салық және қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған. Түркістан облысы бойынша кірістер департаментінің бірнеше аумақтық органдарының басшысы лауазымдарын атқарған. Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік бөлімінің бас инспектор-заң кеңесшісі, заң қызметінің басшысы, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/127-VIII шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.