«Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

«Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (бейнебақылау камералары орнату және күтіп ұстауға) және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен бір мемлекеттік аудит объектісі «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қамтылды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты мен рәсімдік сипаттағы бірқатар бұзушылық  анықталды. «Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (бейнебақылау камералары орнату және күтіп ұстауға) және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқама жолданды.