Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жургізілген «Shymkent» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен өткізілген брифинг.
Брифингке тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Брифингті «Shymkent» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынының басқарма Төрағасы Р.Р. Илимбаев ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Елшибаев Габиден Усенович баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында,аудит іс шарасы барысында орын алған кемшіліктерді айтып өтті. «Шымкент қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігінде Шымкент Сити ықшам ауданында №1, 6, 7, 8, 9, 10 алты 10 қабатты үй салу» бойынша қалған қалдық 714 153,0 мың теңге бюджет қаражаты мен «Шымкент қаласы Қаратау ауданының Әкімшілік-іскерлік орталығында көп пәтерлі тұрғын үй салу» (сыртқы инженерлік желілерсіз)» объектісі бойынша қалған қалдық 191 478,2 мың теңге бюджет қаражаты бойынша қолданыстағы бюджет және басқа да заңнамаларға түсінік берді.
Келесі сөз кезегін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік департаментінің Директоры Б.Нурсултанова алып, алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында бюджет қаражатын жоспарлап, жаратылу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге де заңнамалары қатаң басшылыққа алып, Нұсқама мен Ұсынымда көрсетілген ескертулерді болдырмау амаладары қарастырылатын болатындығын атап өтті.
Отырыстың соңында төрағалық етуші Р. Илимбаев сөз алып, барлық қатысушылар мен шақырылғандарға алғысын білдіріп, осы отырыста айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша әр сала бойынша жауапты адамдарға мерзімінде және сапалы орындау бойынша тапсырмалар беріліп, бірқатар жұмыстар атқарылатындығы айтылды.


File Name: spk-protokol-1.pdf