Мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, жүргізілген «Білім саласындағы бала бақшаларға бөлінген қаржының тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасымен 14 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды,олардың барлығы «Шымкент қаласының білім басқармасының» бөбекжай-бақшалары мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жапы көлемі 3 383 701,9 мың теңге. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 186 483,5 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды,оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 153 425,6 мың теңге, бюджетке өтелуге жататыны 33 057,9 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 33 057,9 мың теңге толық өтелді. Орын алған жүйелі түрдегі бұзушылықтардың негізгі себептері келесідей: — Бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнама талаптары бойынша барлығы 33 057,9 мың теңге өтелетін жүйелі түрдегі қаржылық бұзушылықтарға жол берілген, оның ішінде бөбекжай-бақшалары қызметкерлерінің жеке картшоттарына артық жалақының аударылуы бойынша 17 629,6 мың теңге және көрсетілмеген қызметтер мен алынбаған тауарларға қаражат аударылуы бойынша 15 428,3 мың теңге. — Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар,яғни мекемелердің бухгалтерлік құжаттары мен есептерінде қаржылық операциялар мен дебиторлық, кредиторлық берешектерді көрсетпеу деректері бойынша жалпы 153 425,6 мың теңгеге қалпына келтірілетін жүйелі түрдегі қаржылық бұзушылықтар анықталды. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша 230 бірлікті құрайтын жүйелі түрдегі бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: — «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларының» Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толықтырылуы талаптары бұзылып, балабақшадағы топтарға тәрбиеленетін балаларды артығымен қабылданатындығы бойынша 40 бірлікті құрайтын жүйелі түрдегі бұзушылықтар; — Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 51-бабы 2 тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтамай, кемінде елу пайызы көлеміндегі тауарды мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алмай, 90 бірлікті құрайтын жүйелі түрдегі рәсімдік бұзушылықтар; Тексеру комиссиясымен мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша анықталған соммасы 33 057,9 мың теңге бұзушылықтарды қарау және шешім қабылдау үшін құжаттар құқыққорғау органдарына жолданды.
Тексеру комиссиясының мүшесі М.Балқыбеков