Category: Жаңалықтар

Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясында 2024 жылы 14 қарашада

Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясында 2024 жылы 14 қарашада сағат 10-00-де «Шымкент қалалық мәслихатына бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатына сай пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырыс өткізіледі. Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі № 3 үй

анонс

Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясында 2024 жылы 12 қарашада сағат 11-00-де «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырыс өткізіледі. Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі №3 үй

2024 жылғы 28 қазанда мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Елшібаев Ғабиден Үсенұлы Республика күнінің ұлттық мерекесін мерекелеу құрметіне «Қаржы сақшысы» жоғары аудиторлық палатасының ведомстволық наградасымен марапатталды.

«Дөңгелек үстел» Заңнамалардың қолдану тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Аль-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары А.Жунусбаев мен жауапты қызметкерлер қатысты. Дөңгелек үстелді …

Continue reading

Анонс

2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес өткізілген «салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке салықтық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша аудиторлық қорытындыны қарау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы 2024 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10-00-де Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі №3.