Шымкент қ. 08 қараша 2022 жыл
Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген «Шымкент қаласының қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен өткізілген «Дөңгелек үстел»
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының төрағасы Н.А. Налибаев ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А. Балықбаев баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында, Бұл, Полиция департаменті тарапынан бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезінде 946 млн 842,5 мың теңге құрайтын бұзушылықтарға жол берілгені анықталған, оның ішінде 159 млн235,2мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 703 млн 153,0 мың тенге бюджет қаражат тиімсіз жоспарланған, 84 млн 451,3 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған, сондай-ақ саны 14 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтар мен кемшіліктердің жол берілген.
Бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және қолданыстағы өзгеде заңнама талаптарының сақталмауы бойынша барлығы 159 235,2 мың теңге өндіруге және қалпына келтіруге жататынқаржылық бұзушылықтар анықталса, оның ішінде2 млн 569,3 мың теңгесі аудит барысында өндірілген. Бүгінгі таңға жалпы өндірілетін қаржының қалдығы 4 млн 345,9 мың теңгені, ал қалпына келтіруге 152 млн 320,0 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, 152 млн 320,0 мың теңге жұмсалған 7 дана мобильді пунктінің тек 2-і ғана полиция қызметкерлеріне пайдалануға берілген, қалған мобильді пункттері мүлдем жұмыс атқармайды. Осы мобильді пункт нысандары бойынша келісімшарттың техникалық ерекшеліктерінде көзделген жұмыстардың бірқатары атқарылмағанына және техникалық ерекшеліктерде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтіндігіне қарамастан, Полиция департаментінің жауапты лауазымды тұлғалары орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойып растаған.
Баяндамашы және сөз сөйлегендер бюджеттен бөлінген қаржыларды, мемлекеттік аудит объектсі бойынша бюджет қаржыларын жоспарлану және пайдалану тиімділігі мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі қайталанатын бұзушылықтарға тоқталып,алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.

