Шымкент қ. 12 желтоқсан 2022 жыл
Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген «Шымкент қаласының ішкі саясат саласына және жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен өткізілген«Дөңгелек үстел»

Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы мемлекеттік аудитор А. Утебаев.
Ол өз баяндамасында,Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Шымкент қаласының ішкі саясат саласына және жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы 2022 жылдың 19 қыркүйегінен 2022 жылдың 14 қараша аралығы аралығында жүргізілгенін, аудиторлық іс-шарамен «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай — Басқарма), Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай — Мекеме), үстеме тексерумен «Шымкент ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай Серіктестік) бақылаумен қамтылғанын атап өтті.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Басқарма 141 757,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған. Қаржылық бұзушылық сомасы 13 923,4 мың теңге, оның ішінде бюджетке қайтарылған қаражат сомасы 94,2 мың теңге.
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 14 бірлікті құрандығы.
Одан, басқа аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Жастар орталығы мекемесі 69 272,4 мың теңге тиімсіз жоспарланғандығы және. қаржылық бұзушылық сомасы 2 893,4 мың теңге, оның ішінде бюджетке қайтарылған қаражат сомасы 137,4 мың теңге құрағандығын. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 7 бірлікті құрады.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер: «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова,әкімшілік және қаржы бөлімінің бас маман-есепші Д.Мусакулова, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас есепшісі Ш. Турлыбекова, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байгунаков, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің бас есепші Г.Хамзаева,талқыланып отырған мәселеге байланысты өз ой-пікірлерін айтып өтті.
Баяндамашы және сөз сөйлегендер бюджеттен бөлінген қаржыларды, мемлекеттік аудит объектсі бойынша бюджет қаржыларын жоспарлану және пайдалану тиімділігі мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі қайталанатын бұзушылықтарға тоқталып, алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.
Дөңгелек үстел қорытындысымен шешім етті: Баяндамашының, қосымша сөз сөйлегендердің ұсыныс-пікірлері және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптары, Мелекеттік сатып алу Заңның талаптары, Бухгалтерлік есеп туралы Заңның талаптары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларының талаптары, Бюджет қаражатының жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік және нәтижелілік қағидаттарын сақтау мақсатында, әрі бюджеттік өтінімдердің сапалы әзірленуін қамтамасыз ету үшін бюджеттік заңнама талаптарына түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.