Шымкент қ. 05желтоқсан 2022 жыл
Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген «Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражатқа аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен өткізілген«Дөңгелек үстел»
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының төрағасының
м.а. М.Т.Балқыбеков ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А. Балықбаев баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында,Бұл, Басқарма мен Кәсіпорын тарапынан бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезінде 3 млрд.394 млн.914,7 мың теңге құрайтын бұзушылықтарға жол берілгені анықталған, оның ішінде 507 млн 755,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 2 млрд.875 млн 849,0 мың тенге бюджет қаражат тиімсіз жоспарланған, 11 млн 310,3 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған, сондай-ақ саны 18 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтар мен кемшіліктердің жол берілген.

Бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және қолданыстағы өзгеде заңнама талаптарының сақталмауы бойынша барлығы 358 450,0 мың теңге өндіруге және 149 305,4 мың теңге қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталған.
«Қаланы абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылға бюджеттік өтінімнің есебі, сметаға және техникалық ерекшелікте бір жылдың ішінде 12 ай 250 жұмыс күні, аптасына 40 сағаттық 6 жұмыс күні тазалау жұмыстарына 2 160 000,0 мың теңге 12 айға бекітілген. Басқарма мердігерлермен келісім шартқа бірнеше айға кеш тұрған.
Бірнеше айға жоспарланған бюджет қажеттілігі қайта қарап осы уақытқа дейін үнемделген жалпы 572 207,7 мың теңге, оның ішінде саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстауға 462 501,0 мың теңге, ескерткіштерді күтіп ұстауға 23 750,7 мың теңге, тік ұңғымалар мен су бұрқағыштар күтіп ұстауға 85 956,0 мың теңге қысқартылмаған, түзетілмеген.
Баяндамашы және сөз сөйлегендер бюджеттен бөлінген қаржыларды, мемлекеттік аудит объектілер бойынша бюджет қаржыларын жоспарлану және пайдалану тиімділігі мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі қайталанатын бұзушылықтарға тоқталып, алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.
