Дөңгелек үстел

Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жургізілген «Мәдениет саласындағы мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атқарған қызметінің тиімділігін бағалау» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында аудит объектілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен өткізілген дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының төрағасы Н.А.Налибаев ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А. Балықбаев баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында,Бұл, бюджет субсидияларын тиімсіз жоспарлаған және тиімсіз пайдаланған; ұсынылған бюджеттік өтініміндерде есептеулердің негіздемелері бюджеттен бөлінген сомаға қамтамасыз етілмеген; бекітілген қызмет көрсету тарифтердің құны бойынша есептеулер жасалмай, өз ұсыныстары негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісімен бекітілген; ақылы қызмет бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары әзірленбеген, бекітілмеген, сәйкесінше мемлекеттік сатып алу веб-порталыны ілінбеген, яғни осы ұйымдарда мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша тек қағаз түрінде келісім-шарт жасаған; даму жоспарында сандық сипаттамасын көрсететін тікелей және түпкі көрсеткіштер тиісті деңгейде жоспарланбаған, осыған байланысты, негізгі көрсеткіштердің орындалуын талдау және даму жоспарларының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалау, оның Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау мүмкін емес. Сонымен бірге даму жоспары мен жылдық есептері www.gosreestr.kz порталға кешіктіріліп, тапсырылған.
Сонымен қатар, 2018-01.07.2021 жылдың жағдайына бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне ай сайын залалдарын жабу есептерiн тапсырмаған, яғни мүлдем әзірлемеген. Бұл ретте, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тарапынан субсидия алатын ведомстволық бағынысты ұйымдардан бұл есептің жасалынуы талап етілмегенін атап өтті.
Сонымен қатар, жіберіп алған пайданың сомасы 12 878,4 мың теңгежәнерәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 177 бірлікті құрағанына тоқталды.
Баяндамашы және сөз сөйлегендер бюджеттен бөлінген қаржыларды, субсидияларды жоспарлау және іске асыру, ақылы қызметтен түсетін қаржыны жопарлау және пайдалану, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі қайталанатын бұзушылықтарға тоқталып, алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.