Дөңгелек үстел

Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген, «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында» аудиторлық іс-шарасы қорытындысы бойынша «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерімен өткізілген дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тексеру комиссиясының бас маманы- мемлететтік аудитор Умирбаев Н. баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында,Аудит қорытындысы бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 14-2)-тармақшасы, 4-бабының 6),9),12),13),14)-тармақшаларының, мемлекеттік сатып алу туралы түзілген шарттың 3-тармағының, 3.5)-тармақшасының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағиданың 3 тараудың 6 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» қағидасының 5-тарау, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4-желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабы, 2),6)-тармақтарының талаптары бұзылып, нәтижесінде, есептіліктерге ауытқу беріліп, бірнеше қаржы бұзушылықтарға жол берілген, сонымен қатар жыл басында дұрыс жоспарланбаған тиімсіз жоспарлау орын алған. Бақылау өлшем бірліктерін жүргізу барысында спорт және балалар алаңшаларында қирап сынып жатқан элементтері және жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу жөніндегі қызметтерді эксковатор жұмыстары сметаға сәйкес атқармағандығы анықталғандығын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі кездесетін бұзушылықтар, бұрмалаулар мен сәйкессіздіктер жайлы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.