Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, «2021 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы қорытындысы бойынша анықталған шоғырландырылған қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептің деректері арасында ауытқуды, бұрмалаулар мен сәйкессіздіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел гетексеру комиссиясының мүшелері және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының төрағасы Н.А.Нәлібаев ашып жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тексеру комиссиясының бас маманы- мемлететтік аудитор Умирбаев Н. баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында, Аудит қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде аудит объектілері тарапынан Бухгалтерлік есеп туралы Заңның 5-бабының 2-тармағын, Бюджет Кодексінің 155-бабының 2-тармағын, Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №640 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының» 3-тарауының 17-тармағын бұза отырып (бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкес келмеу, бастапқы бухгалтерлік құжаттармен расталмау) шоғырландырылған қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептің деректері арасында жалпы сомасы 460 030 902,6 мың теңге ауытқуға, бұрмалаулар мен сәйкессіздіктерге,яғни қаржылық бұзушылықтарға жол берілгендігін атап өтті.
Баяндамашы бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі қайталанатын маңызды бұзушылықтарға тоқталып,алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өзінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау барысында жиі кездесетін бұзушылықтар, бұрмалаулар мен сәйкессіздіктер жайлы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.


